«Діни экстремизмнің жастар арасында таралуының алдын алу» атты тақырыбында кездесу
- Новости факультета
- Просмотров: 118
24.11.2016 ж. ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Аппазов Ғ., факультет аға тәлімгер Пазилов Ғ.А., «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының аға тәлімгері Садықов Ж., т.ғ.к., доцент Тлеукеев Ж.А., аға оқытушы Кетпен Ж., «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының жоғарғы білікті маманы Сакова Г.Ж. және факультет студенттерінің қатысуымен «Діни экстремизмнің жастар арасында таралуының алдын алу» атты тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында теолог маманы Аппазов Ғ. қазіргі таңдағы қоғамдағы қызу талқыланып, біздің дінімізге жат сәлафизм, вахабизм деп жүргендерге тоқталып олардың шынайы мақсаттары жайлы сөз етті. Бұл кереғар ағымдар жайлы студенттерге кеңінен түсіндіріп, олардан сақтану жолдарын айтып, діни сергек болуға шақырды. Олардың іс-әрекеттері мен ұстанымдары ислам дініне мүлдем қарама-қайшы әрекеттерден тұратынын айтты.