Тәрбие жұмысы

Кафедраның тәрбие жұмысы

Экономикалық теория» кафедрасында 2020-2021 оқу жылының тәрбие жұмысы жоғары мектептің және кафедраның жоспарына сәйкес жүргізілді.

Аталған жұмыс түрі келесі бағыттарда іске асырылды:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары
  2. Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие
  3. Рухани-адамгершілік тәрбие беру
  4. Кәсіби және еңбек бағытында тәрбие  беру
  5. Діни толеранттылықты қалыптастыру
  6. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
  7. Экологиялық тәрбие беру
  8. Интеллектуалды және коммуникативтік мәдениетті дамыту
  9. Мәдени-эстетикалық және полимәдениеттік тәрбие беру

10. Студенттің өзін-өзі басқару жүйесін және жастар бастамаларын дамыту

        Кафедра қызметкерлері университет пен «Басқару және бизнес» жоғары мектебі өткізетін барлық жаппай мәдени іс-шараларға қатысты:

  •  Жаңа жыл
  • Еңбек күні
  • Тәуелсіздік күні
  • Наурыз
  • Жеңіс күні
  • Ашық есік күндері және т.б.

Кафедра оқытушылары оқу жыл барысында №4-шы жатақханада кесте бойынша және мерекелік күндері кезекшілік жүргізді. Кезекшілік кезінде оқытушылар тәртіпті сақтайды, студенттерді аралайды, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Есеп беру кезінде 2020-2021 оқу жылы бойынша студенттердің арасында құқық бұзушылық тіркелмеді. Сондай-ақ, кафедра оқытушыларымен халықаралық жағдайлар мен елімізде жүргізіліп жатқан саясат, ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру және салауатты өмірді уағыздау жөнінде түсіндіру жұмыстары онлайн және офлайн жүргізілді.

2020 жылдың 11 қарашасында кафедра оқытушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықтың көрінісіне төзбеушілікті қалыптастыру, оның алдын алу және онымен күрес тақырыптарында жоғары мектепте, академиялық топтарда іс-шаралар ұйымдастыру туралы» тақырыбында әңгіме жүргізілді.  Алдымен сөз алған кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Кожамкулова И.Е сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган үшін қылмыстық қудалауға қарағанда, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларын айқындау мен жоюға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және қабылдау басымдық болуы тиіс екендігі туралы тоқталып кетті.

2020 жылдың 18 қараша айында онлайн көлемінде сабақ беретін топтарда «Діни төзімділікті қалыптастыру» мамандардың қатысуымен діни экстремизмге қарсы ұйымдастырылған іс-шараларға кафедра оқытушылары қатысты. Ұлтаралық келісімді нығайту және діни ланкестіктің алдын алу жөнінде студенттер арасында ақпараттық түсіндерме жұмыстары онлайн режимде жүргізілді.

         06.01.2021ж. күні Шымкент қаласы №4 Кәусар қайрымдылық интернатында тәрбиеленуші жасөспірім балаларға қамқорлық жасау мақсатында кафедра ұжымы, жаңа жылдық іс-шара өткізілді. Қазіргі таңда интернатта 45 бала тәрбиеленуде. Балаларға жаңа жылдық сыйлқтар берілді. Өткізілген жұмыстар әлеуметік желіде көрсетілді.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.