Кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмысы
2020-2021 оқу жылында «Экономикалық теория» кафедрасының оқытушылары М.Әуезов атындағы ОҚУ бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласына қарасты бірнеше аудандармен қала мектептерінде кәсіби-бағдар беру және үгіт-насихат жұмыстарын онлайн және офлайн жүргізді.
№ |
Аудан және қала |
Мектеп саны |
1. |
Шымкент қаласы |
20 |
2. |
Сайрам ауданы |
10 |
3. |
Сарағаш қаласы |
13 |
4. |
Кентау қаласы |
11 |
5. |
Түлкібас ауданы |
11 |
6. |
Мақтарал ауданы |
10 |
7. |
Бәйдібек ауданы |
8 |
8. |
Шардара қаласы |
8 |
Кестеде көрсетілген аудан және қала орта мектептерінде, мектеп бітіруші түлектермен онлайн, офлайн кездесулер өткізілді.
Үгіт-насихат жұмыстар жүргізу барысында оқушыларға біздің университеттің барлық мамандықтары бейнеленген буклеттер мен жарнама плакаттары таратылып берілді және сынып жетекшілеріне жіберілді.
Үгіт-насихат жұмыстарын күшейту мақсатында БАҚ-да келесі мақалалар жариаланды:
- э.ғ.к., кафедра меңгерушісі Мергенбаева А.Т. Республикалық «Білім елі» газетінде №12 (266), 30.03.21 ж., 11 бет, «Степень МВА- трамплин карьерной лестницы» тақырыбында мақала жариялады.
- э.ғ.д., профессор Қ.Қ.Нұрашева «Университет» газетінде 2020 ж., №3-4, 8 бет, «Муниципальные облигации: выгодно местной экономике и населению» тақырыбында мақала жариялады.
- э.ғ.д., профессор Қ.Қ.Нұрашева «Университет» газетінде2020 ж., №3-4, 8 бет, «Результаты научных исследований – в дело!» тақырыбында мақала жариялады.
- аға оқытушы Оспан Б.И. «Шымкент келбет» газетінде №34 (1879) 30.04.2021 ж. «Заманауи талап - бесекеге қабілетті білім» тақырыбында мақала жариялады.
- «Білімді ел» газетінің №24 (278) санында 22 маусым 2021ж. күні «Білікті экономист қашан да қажет» атты тақырыпта шығарды. Мақала авторлары Абишова А.У., Оспан Б.І.
Кәсіби-бағдар онлайн және офлайн жүргізу барысында бітіруші оқушылар мен және ата-аналардың қатысуымен ОҚУ-да даярлайтын мамандықтар бойынша түсініктеме жүргізіліп, оқушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап берілді. ОҚУ-да даярланған мамандықтар бойынша талапкерге арналған анықтама, кәсіби-бағдар беру жұмысына арналған университет баспасөзінің нөмірі және әр мамандықтар бойынша буклеттер таратылды.
Әрбір өткізілген іс шаралар әлеуметтік желілерге жариаланжы.