Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы

31.12.2020 жылға дейін кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша жүргізілді: шифрі Б-16-09-02, Мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ «Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның интерациялық потенциалының қалыптасуы мен дамуының ғылыми негіздері»  тақырыбы бойынша  жүргізілді. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доценті Мергенбаева А.Т.

01.01.2021 жылдан бастап кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бекітілген мемлекеттік бюджеттік тақырып бойынша жүргізілді: шифрі Б-21-01-09, Мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ «Цифрлық трансформация жағдайында өңірлік экономиканың орнықтылығын арттырудың ғылыми негіздері»  тақырыбы бойынша  жүргізілді. Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доценті Мергенбаева А.Т., Уразбаева Г.Ж.

Кафедра оқытушылары 2018-2020 жж. арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған арналған жобалар бойынша жұмыстарын аяқтады:

1. Кафедра доценты, э.ғ.к. Мергенбаева А.Т. орындаушысы болып табылатын жоба:"AP05132706 Разработка экономического механизма регионального развития в Казахстане на основе финансовых инструментов регулирования (в частности муниципальных ценных бумаг) для обеспечения инвестиционной привликательности и высокой конкурентоспособности территории". Келісім шарт №164-29, 15 наурыз 2018ж. (Жетекшісі – Нурашева К.К., М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Бизнес и коммерциализация» кафедрасының профессоры, э.ғ.д.. Жоба құны – 15 630 171 тг., оның ішінде 2020ж. - 5 107 680 тг.).

2. Кафедра доценты, э.ғ.к. Уразбаева Г.Ж. орындаушысы болып табылатын жоба:"AP05133582 Разработка методики расчета и проектирования тканых армирующих каркасов пожарных напорных рукавов с целью создания новых высокотехнологичных образцов этих технических изделий". Келісім шарт №164-29, 15 наурыз 2018ж. (Жетекшісі –т.ғ.к, доценті – Калдыбаев Р.Т. Жоба құны – 18 120 000 тг., оның ішінде 2020ж. - 6 055 000 тг.).

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру байқауына жіберілген жобалар:

1. AP09261075 - "Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлденең біріктірілген құрылым ретінде өңірлік азық-түлік хабының моделін қалыптастыру (Түркістан облысының ет кластері мысалында)" жетекшісі: э.ғ.к., доцент Г.И.Абдикеримова. Орындаушы: Мергенбаева А.Т.  Жоба сомасы -34 016 470 тг.,  оның ішінде 2021 жылға -11292296,28 тг.

2. «Ғылым, технология және инновация саласындағы форсайт зерттеулердің нәтижелілігін арттырудың тиімді құралдарын әзірлеу» Жетекшісі: Г.Б. Исатаева, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. Орындаушы: болып э.ғ.к., кафедраның доценті В.Ю. Шерстюк табылады.

2020-2021 оқу жылы бойынша кафедра оқытушылары келесідей халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты, дәлірек айтқанда:

  1. VII халықаралық конференция «Industrial Technologies and Engineering» ICITE – 2020. Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚУ, қараша, 2021 ж.
  2. «Жаһандық пандемия сын-қатерлері жағдайындағы ұлттық
    экономикалардың қазіргі тенденциялары мен даму перспективалары» атты
    халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. - НұрСұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қыркүйек, 2020 ж.
  3. «Әуезов оқулары-19: Тәуелсіз Қазақстанға – 30 жыл» атты халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференция. Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚУ, сәуір, 2021 ж.
  4. «Цифрлық экономиканы қалыптастыру дәуіріндегі жоғары білім беру, бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін трансформациялау» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясының еңбектер жинағы Тараз, Қазақстан, 6 мамыр, 2021 ж.
  5. «Молодой исследователь: вызовы и перспективы» атты CLXIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция. (Ресей, Мәскеу: Интернаука, 2020ж.).
  6. «Инвестиционная привлекательность в обеспечении экономической стабильности стран: глобальные проблемы и пути их решения»атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Өзбекстан, Ташкент: ТШУ, 14.05. 2021 ж.
  7. «Экономиканы және қаржыны реттеу механизмдері: жағдайы,
    мәселелері және болашағы». атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Нұр-Сұлтан: Қаржы академиясы АҚ, 2021 ж.

Сонымен қатар студенттермен бірлесіп университеттің және факультеттің өткізген конференцияларына қатысты:

  1. «Мәңгілік ел жастары - тәуелсіздік кепілі» тақырыбындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша 24-ші студенттік ғылыми конференция М.Әуезов атындағы ОҚУ. Шымкент, наурыз, 2021 ж.
  2. «Білім, ғылым және өнердің қалыптасуының Қазақстандық жолы: қорытындылар, жетістіктері мен болашағы» атты Жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. Алматы, сәуір, 2021ж.

2020-2021 оқу жылы бойынша кафедраның ПОҚ 71 ғылыми мақалаларды жариялады, оның ішінде: импакт-факторлы журналдарда – 2-мақала, республикалық журналдарда (ККСОН) – 1-мақала, басқа да журналдарда – 5-мақала, халықаралық конференцияларда (алыс және жақын шетелдерде) – 8-мақала; халықаралық конференциялар еңбектірі жинақтарында (ҚР) –23-мақала, республикалық, аймақтық және басқа да конференцияларда – 32-мақала.

Кафедра оқытушылары К.К. Нурашева және А.Т. Мергенбаева, Г.И. Абдикеримова мен Д.А. Кулановамен авторлық бірлікте «Региональное развитие в Казахстане: экономический механизм регулирования и корпоративное управление на основе финансовых рычагов» атты, монографияны баспадан шығарды. Шымкент, «Әлем» баспаханасы, 2020 ж -386 б.

 

Аға оқытушы Мауленбердиева Г.А. алды:

1. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу туралы куәлік. 2021 жылғы 18 ақпандағы №15265. «Концептуально-эмпирические основания использования кластерного подхода в управлении экономическими процессами и ростом национальной экономики».

2. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу туралы куәлік. 2021 жылғы 17 ақпандағы №15239. «Методика оценки систем управления земельными ресурсами и современные направления расчета на ландшафтной основе».

3. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу туралы куәлік. 20 сәуір 1921 жылғы №17703. «Кәсіпорынды пандемия барысында басқару жүйесінің бейіндік моделі».

Кафедра оқытушылары К.К. Нурашева және А.Т. Мергенбаева техникалық білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Кәсіпкерлік» пәні бойынша «Региональное развитие в Казахстане: экономический механизм регулирования и корпоративное управление на основе финансовых рычагов» монографиясының дәріске инновациялық педагогикалық технологияларын құру және енгізу актісін алды. (1 тарау)

Э.ғ.к., доценттер Мергенбаева А.Т., Шерстюк В.Ю., Абишова А.У., Қожамқұлова И.Е., т.ғ.д., профессор Нурашева К.К. Назарбаев Университетінің зерттеуші-докторанты Жақсыбай Майрамен ««Оценка готовности казахстанских высших учебных заведений к трансформации в контексте «Тройная спираль» тақырыбындағы сұхбатына қатысты.

29 наурызда кафедраның профессор-оқытушылар құрамы көрнекті әлем экономисі және экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенспен кездесуге белсенді қатысты, дисскусия тақырыбы: «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі дамушы нарықтар және Қазақстан».

7-9 сәуір аралығында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы «Изобретая будущее» атты II Орта Азия Нобель фестиваліне қатысты.

БАҚ жарияланымдары:

  1. э.ғ.к., кафедра меңгерушісі Мергенбаева А.Т. Республикалық «Білім елі» газетінде №12 (266), 30.03.21 ж., 11 бет, «Степень МВА- трамплин карьерной лестницы» тақырыбында мақала жариялады.
  2. э.ғ.д., профессор Қ.Қ.Нұрашева «Университет» газетінде 2020 ж., №3-4, 8 бет, «Муниципальные облигации: выгодно  местной экономике и населению» тақырыбында мақала жариялады.
  3. э.ғ.д., профессор Қ.Қ.Нұрашева «Университет» газетінде2020 ж., №3-4, 8 бет, «Результаты научных исследований – в дело!» тақырыбында мақала жариялады.
  4. аға оқытушы Оспан Б.И. «Шымкент келбет» газетінде №34 (1879) 30.04.2021 ж. «Заманауи талап - бесекеге қабілетті білім» тақырыбында мақала жариялады.
  5. «Білімді ел» газетінің №24 (278) санында 22 маусым 2021ж. күні «Білікті экономист қашан да қажет» атты тақырыпта шығарды. Мақала авторлары Абишова А.У., Оспан Б.І.

2020-2021 оқу жылдыңда студенттер оқытушылардың жетекші-лігімен 40 ғылыми мақала жариялап, 3 студенттік ғылыми конференцияларға қатысты:

  1. CLXII Международная научно-практическая конференция: «Молодой исследователь: вызовы и перспективы». Москва: Интернаука, 2020ж.
  2. «Білім, ғылым және өнердің қалыптасуының Қазақстандық жолы: қорытындылар, жетістіктері мен болашағы» атты Жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. -Алматы: Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА 2021ж.
  3. «Мәңгілік ел жастары – Тәуелсіздік кепілі» атты жараты-лыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ХХІІІ-ші республикалық студенттік ғылыми конференциясы. Шымкент: М. Әуезов ат. ОҚУ, 2021ж.Жалпы 53 студент, сонымен қатар No47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясының 2 оқушысы және No41 мектептің 1 оқушысы конференцияға қатысты. Студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі баяндамаларын ұсынды. 6 студент университет дипломымен, 9 – жоғары мектепттің дипломымен, 9 - жоғары мектепттің алғыс хаттарымен марапатталды.

Студенттердің СҒЗЖ тартылуы 85% құрайды. Студенттік ғылыми конференцияларға 56 баяндама ұсынылып, 40 ғылими мағалалар жарияланды.Кафедрада «Лидер» 1-3 курс студенттер арасында оқытушылармен бірге ғылыми конференциялар мен конкустарға дайындалып, қатысады.  Студенттер конференциясына қатысуға мектеп оқушылары мен әр түрлі факультеттердің студенттері тартылады. Конференцияға белсенді қатысқаны үшін мектеп оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.

Студенттердің баяндамаларында зерттеліп отырған тақырыптарының мақсаттары мен міндеттері, мәселелердің өзектілігі, сол мәселелерді шешудің әдістері мен жолдары көрсетілген, сондай-ақ мәселені жетілдіру бойынша өздерінің нақтылы жеке ұсыныстары мен түйіндері келтірілген. Студенттер СҒЗЖ орындау барысында жаңашыл ақпараттық технологияларды кеңінен, жиі-жиі пайдалануда, ғылыми жұмыстарды орындауда бейне-роликтерді, презентация жасауды және т.б. қолданады.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.