Факультет туралы

 

"Басқару және бизнес" жоғары мектебінің деканы
 
Сейдахметов Марат Қанымбекұлы
 э.ғ.к., доцент

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы-5, М.Әуезов атындағы ОҚУ, "Басқару және бизнес" жоғары мектебі
Сымтетік: 8(7252) 21-36-68
Факс: 8 (7252) 21-36-68
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.         
    

 

Оқу ісі бойынша декан орынбасарлары: Phd докторы, аға оқытушы Құлбай Бауыржан Сұсарұлы

Жоғары мектептің ғылыми жұмыстары бойынша декан орынбасары: э.ғ.к, доцент Уразбаева Гүлнар Жарасқызы

Жоғары мектеп деканының Әлеуметтік және Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кальбаева Нурсулу Танатовна

Жоғары мектеп Кеңесінің хатшысы: магистр, аға оқытушы Жошыбаева Дариға Абдрахманқызы

 

website: www.uku.edu.kz
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

       Жалпы мәліметтер
       М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  Университетінің "Басқару және Бизнес" жоғары мектебі 60-шы жылдардан бері экономика бағытындағы кадрларды дайындаушы факультет. Бұл факультет экономикалық мамандарды дайындаушы, жоғары рейтингті, беделді, алдыңғы қатарлы бөлімше болып табылады. 2017 жылдың қыркүйек айынын 01 жұлдызынан бастап факультет "Басқару және бизнес" жоғары мектебі болып қайта құрылды.  
        Миссиясы
       Жоғары мектептің бірінші кезектегі міндеті – қазіргі заманғы еңбек нарығында сұранысы бар мамандарды дайындау болып табылады.
        Бағдарламалары
     Кадрларды дайындау әлеметтік ғылымдар мен бизнеске қатысты бакалавриаттың 8 бағдарламалары және магистратураның 6 білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Студенттерге үш тілде білім беріледі: қазақ, орыс және ағылшын тілі.
 
        Біздің студенттер
        Қазіргі уақытта "Басқару және бизнес" жоғары мектебі экономикалық профильдегі мамандармен оңтүстік аймағының барлық бағыттарын қамтамасыз етеді.
       Оқу-әдістемелік әдебиет қорымен, компьютер сыныптарымен және  бағдарлмаларымен, жеткілікті аудитория қорымен, спорт жайларымен, стадиондармен және жүзу бассейнімен қамтамасыз етілген университетіміз жоғары мектептің студенттерінің контингентінің өсуіне септігін тигізіп жатыр.
     Білім деңгейін жоғарылатқысы келетін студент жастарымыз үшін бірқатар арнайы пәндерді ағылшын тілінде өткізу топтары ұйымдастырылған. Ол жерде арнайы тіл курстарында, лингвистикалық орталықта оқыған, ағылшын тілін жетік меңгерген оқытушылар сабақ береді.
      Жоғары мектепте үнемі әртүрлі бағыттардағы творчестволық ұжымдар тұрақты түрде жұмыс істейді. Олар: хореографиялық ансамбльдер, КВН, «Ақиқат» пікірсайыс клубы,6 ғылыми үйірмелер, мектептің спорттық командасы студенттік спартакиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы болып табылады.

Профессор-оқытушылар құрамы
        Жоғары мектепте 154 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 10 ғылымдар докторы, 62 ғылымдар кандидаттары, 22 магистрлер  бар.
Талапкерге
6В04140-5В050600 – «Экономика» мамандығы
Оқыту мерзімі: 4 жыл
Мамандықтың біліктілігі: экономика бакалавры

Кәсіби ісінің ортасы мен сипаты: осы қызмет түрінің маманы экономист, экономика маманы, талдаушы лауазымдарында жұмыс істей алады.
Экономика бакалавры жоспарлау, кәсіпорынның экономикалық стратегиясы, экономикалық талдауды жүзеге асыру, жобалау, техника-экономикалық талдау, еңбекті нормалау, конроллинг, инновациялық-инвестициялық менеджмент, жобалық және жоба алдындағы құжаттамалардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін саралау, материалдық және материалдық емес өндіріс орталарында инновацияларды енгізу сияқты кәсіби жұмыстарды орындай алады.
Жұмысқа орналастыру орындары: іс түрлері, көлемі (шағын, орта, ірі), меншік түрлері әртүрлі ұйымдар мен фирмалар; қоршаған ортаны ұйымдастыору және табиғатты тиімді пайдалану ұйымдары, білім беру ұйымдары (гимназиялар мен колледждер) мен ғылыми-зерттеу институттары.      
 
5В04140-В050900 –«Қаржы» мамандығы
Оқу мерзімі: 4 жыл
Мамандық біліктілігі: қаржы бакалавры

Маман қызметтілігі: бакалаврлар қаржылық басқару мен қаржылық ұйымдастыруда, микро-макро деңгейлерде қаржы-несиелік және фискалдық саясат жүргізуде. Осы негіздегі бакалаврлар кәсіпорынның қаржылық жүйесіне анализдік жұмыстар жүргізуге, табыстардың жоғарылауына, шығындардың және тәуекелдердің төмендеуіне жұмыс жасауы тиіс, нарықтағы сапалы қаржылық сұраныстарды толық қанағаттандырулары қажет. Маманның тағы келесі бір функциялары болып табылатындар: кәсіпорынның қаржы статистикалық және жалпы көрсеткіштерін есептеу, омы есептілік негізде басшылықтың дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдаына, инвесторларға қаржылық және кредиттік саясатты жүргізуге, нақты және жалпы қаржылық көрсеткіштерді бағалау, инвестициялық қызметәдістерін таңдап жүргізуге, жалпы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жақсаруы мен дамуына, сонымен қатар мемлекеттік негіздегі қаржылық нормалар мен нормативтік актілер жүйесімен қаржылық операцияларды жүргізу мен оларды бақылау, қаржылық кеңестер беру және т.б қызметтер.
 
5В04130-В050800-«Есеп және аудит» мамандығы
Оқыту мерзімі – 4 жыл
Мамандық біліктілігі: «Есеп және аудит» бакалавры

Кәсіби қызметтің сферасы мен мазмұны: мамандар келесідей қызметтерді орындайды бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептемені құрастыру; шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрастыру; салықтық есептілікті құрастыру және салықтар бойынша декларация толтыру; есептік және салықтық ақпараттарды жинақтау, мәліметтерді өңдеу және оны басқару шешімдерін қабылдауы үшін басшылардың, инвесторлардың, кредиторлардың, ішкі және сыртқы пайдаланушылардың қолдануына дайындап беру; балама шешімдерді бағалау және талдау; кәсіпорынның қызметтерін жалпы бақылау және басқару; бухгалтерлік есептің жүргізілуінің нормативтік актілерге сәйкес келуін тексеру, сонымен қатар кеңес беру қызметін көрсету (аудиторлық және кеңес беру қызметтері).
Жұмыс орындары: бітірушілер кәсіпорындар мен ұйымдарда бухгалтер маман ретінде, осы есептіліктің әдістемесі мен аудиторлық жұмыс жөнінде экономист ретінде, есеп пен есептілік саласында, ҒЗИ экономикалық талдау мен аудит саласында ғылыми қызметтер ретінде, ЖОО-да оқытушылық, орта білім беру ұйымдарында.
 
6В04120-5В050700-«Менеджмент» мамандығы
Оқу мерзімі: 4 жыл
Мамандық біліктілігі: Менеджент бакалавры

Кәсіптік қызметтің мазмұнымен салалары:
Кәсіби қызметтің функциялары болып және коммерциялық емес ұйымдары қызметін жоспарлау ұйымдастыру, ынталандыру, реттеу бақылау саналады.
Бакалавр бітірушінің кәсіби қызметтің типтік міндеттері болып нарықтық экономикамен қатаң бәсекелестік күрес жағдайындағы коммержциялық және коммерциялық емес  ұйымдардың жағдайы мен даму болашағын талдау мен бағалау, басқару аппаратындағы көлденең және тік байланыстары және осның негізінде тиімді қызмет пен дамуды қамтамасыз ететін оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау саналады.
Кәсіби қызметтің бағыттары кәсіпорының экономикалық қызметтері мен басқаруды ұйымдастыру сұрақтарын шешу, шаруашылық субъектісі дамуының тиімділік баламаларын таңдау персонал қызметінің ынталандыру, иннвациялық қызметі жетілдіру, кәсіпорынды басқарудың оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру саналады. 
Кәсіби қызметтің мазмұны болып өндірісті оперативті және ағымдағы басқаруын іске асыру, кәсіборын дамуында стратжегиялық, ағымдағы және оперативті жоспарларды әзіржлеу мен жүзеге асыру, кәсіпорын мен ұйымның тиімді қызмет етуіне бағытталған басқарушылық шешімдерін әзірлеу.
Жұмыс орындары: кәсіпорындар менеджері, өндірістік кәсіпорындарда және экономиканың барлық салларындағы  ұйымдарының сату, сауда жарнама менеджері, басқарудың мемлекеттік органдары, білім беру ұйымдары (гимназия, колледж) және ғылыми зерттеу институттары.
 
6В04150-5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы
Оқу мерзімі: 4 жыл
Мамандық біліктілігі: Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры

Кәсіптік қызметтің мазмұнымен салалары
Кәсіби қызметінің өрісі: халық шаруашылығын, әкімшілік – аумақтық таксондарды басқару, ұлтттық компанияларда, елдің әртүрлі кәсіпорындарында менеджер мен экономистері.
Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты және әкімшілігі; ҚР парламенті аппараты; ҚР үкіметінің әр түрлі құрылымдық бөлімшелері; экономика және қаржының басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары (аудан, қала, обылыс әкімияаттары) және атқарушы органдар аппараты; Ұлттық мемлекеттік  және компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалар бола алады.
 
6В04160-5В051100 – «Маркетинг»  мамандығы
Оқу мерзімі 4 жыл
Мамандық біліктілігі: «Маркетинг» бакалавры

Кәсіби қызмет ету сферасы – оқу мерзімінде студенттер маркетингтік зерттеулер, маркетингті басқару және жоспарлау, коммерциялық кәсіпкерлік негіздері және кәсіпорын менеджменті соның ішінде биржалар, лизингтік фирмалар, туризм және қонақ үй шаруашылығы сфералары/ облыстарында жаңаша білімдер алады. Бітіруші түлектер кеден ісін реттейтін заңдылық негіздерін, сыртқы сауданы ұйымдастыруды, лицензиялауды, квоталауды үйренеді.
Жұмысқа орналасу орындары – маркетолог ретінде мамандар өнеркәсіптік, құрылыстық, сауда және жарнамалық кәсіпорындарда, ассоциацияларда, концерндерде, холдингтерде, фирмаларда, биржаларда, кеденде, туризм және қонақ үй шаруашылығы сфераларында және сыртқы экономикалық іс-әрекеттер сфераларында жұмыс істейді.
 
6В04170 - Бағалау

 

 


Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.