Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

2020-2021 оқу жылындағы кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы  жоғары мектептің ағымдағы оқу жылындағы және оқытушылардың жеке жоспарына, кафедраның жұмыс жоспарына, кафедраның стратегиялық жоспарымен  сәйкес жүргізілді. Кафедраның барлық пәндері оқу бағдарламаларымен және жұмыс оқу бағдарламасымен (syllabus), әдістемелік әдебиеттермен 100% толық қамтылғын. Таңдау компоненті бойынша пәндердің бағдарламалары құрастырылған (ОӘПК).  Барлық пәндері бойынша қамтамасыз етілу карталары бар, олар әрдайым жаңа әдебиеттермен, сондай-ақ, оқытушылардың шығарған еңбектерімен, отандық және шет ел басылымдарымен де  толықтырылып отырады. Барлық пәндербойынша   ПОӘК мемлекеттік және орыс тілінде қамтамасыз етіліп енгізілді. ОҚУ-нің порталына студенттер үшін күзгі және көктемгі семестрдегі ПОӘК толық енгізілді.

2020-2021 оқу жылында кафедрадағы оқу-әдістемелік әдебиеттердің баспадан шығарылу жоспары білім беру бағдарламасы бойыншажәне жаңартылғын мазмұнда оқыту түрлері бойынша нақты пәндердің қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

ОӘӘ басылымының орындалуы өткен оқу жылымен салыстырғанда әдістемелік нұсқау мен кейстер саны еселенген. Оның себебі жаңа «Кәсіпкерлік», «Кәсіпкерлік дағдылары негіздері» базалық пәндердің қосылуымен байланысты. Білім беру үрдісінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі әдістемелік нұсқаулармен қамтылуы оқу жұмыс жоспарындағы жалпы пәндер саны бойынша қамтылу 100 пайызға артты.  Кафедрада оқытылатын пәндер бойынша СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқауларымен қамтылуы алдынғы жылмен салыстырғанда 90%- дан 100%-ға көтерілді.

Жоспар бойынша электронды оқу басылымдар жоспарланбаған.Алдағы оқу жылында электронды оқу басылымдарын  жасау қажеттіліктері бар. Өйткені қашықтықтан оқыту қажетілігінен туындайды.

Кафедра доценті В.Ю.Шерстюктің YouTube  каналында «Микроэкономика» пәні бойынша 7-ші тақырып «Монополия» және 10-шы тақырып «Выбор в условиях риска и неопределённости», ал «Макроэкономика» пәнінен 8 –ші тақырып «Модель IS-LM» бейне дәрістері ұсынылған. Сондай-ақ кафедра оқытушылары видеодәрістер дайындау үстінде.

Оқу үрдісінде барлық оқытушылар интерактивті оқыту технологияларын, жобалық оқыту технологияларын және компьютерлік (ақпараттық) технологияларды қоса алғанда, инновациялық білім берудің барлық технологиялары қолданылады.

            Профессор-оқытушылар құрамы мультимедиялық білім беру ресурстарына үлкен көңіл бөледі. Жыл бойы оқытушылар мен студенттер электронды кітапхананы, энциклопедияларды, заманауи білім беру бағдарламаларының каталогтарын және тест тапсырмалары бар оқу курсы түрінде әзірленген электронды оқулықтарды пайдаланды. Бұл ресурстар мұғалімдердің лекциялық материалдарын кеңейтеді және оқушыларға қосымша мультимедиялық құрал болып табылады.

Сабақтар интерактивті тақтаның көмегімен әр түрлі кезеңдегі экономикалық жүйенің ерекшеліктерінсипаттап, студенттермен нақты экономикалық құбылыстарды талқылап, практикалық жағдайларды талдай отырып, презентацияларды көрсетеді.

2020-2021 оқу жылында оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық әзірлемелерді:оқытушылар «Мастер - тест», «ZOOM», «WEBEX» сияқтыбағдарламаларымен жұмыс істеді.

2020-2021 оқу жылында өтілетін пәндер бойынша ПОӘК-ті әзірленіп, бекітілді. Оқу бағдарламалары кафедра мәжілісінде талқыланып, факультет және жоғары мектеп декандарымен келісіліп, проректормен бекітілген. Осы оқу бағдарламасы негізінде силлабустар дайындалды. Ал, әр пән бойынша орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде пәннің оқу-әдістемелік кешені ағымдық, межелік және қорытынды бақылауларға арналған сұрақтармен, сонымен қатар таратпа материалдармен (тест, іскерлік ойындар, есептер түріндегі) толықтырылып, оқу үрдісінде қолданылды. Сонымен бірге, әр пән бойынша ақпарат білім беру орталығында бар керекті әдебиеттердің әдістемелік қамтамасыз етілу картасы толықтырылып, жаңартылды. Кафедра оқытушылары оқу үрдісін ұйымдастыру мен жүргізуде көрнекілік құралдарды ендіру бойынша белсенді жұмыс істеді. Жыл бойында оқытушылар барлық пәндерге презентациялар дайындады.

Барлық ПОӘК-дері университеттің білім беру порталына орналастырылды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда қамтамасыз етілу жоғары.

Есепті жылы кафедрада3 ашық практикалық сабақ жоспарланып, мерзімінде өтіп орындалды.  Өтілген ашық сабақтар:

1. э.ғ.к., доцент Утемисова Г.Т.«Коммерциализация и бизнес планирование» пәні бойынша 29.10.2020 күні сағ14.00-де онлайн формада ЭФ-17-1тр1тобында «Методы оценки эффективности инвестиционных проектов» тақырыбында практикалық  сабақ өтті.Оқытушы студенттердің назарын әрдайым сабақтың тақырыбына аударып, оларды  үздіксіз жұмыс істеуге бағыттады. Утемисова Г.Т. аудиториямен қарым - қатынас жасауы, тіл табысуы, сөйлеу мәдениеті, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы орнымен орындалды.

2. э.ғ.к., доцент Шерстюк В.Ю. «Макроэкономика» пәні бойынша 09.03.2021  күні сағ. 14.00- де, онлайн формада ЭФ-20-5рстобында,«Спрос и предложение на денежном рынке» атты тақырыпта практикалық сабақ өткізді. Оқытушы сабақты ЖОО талаптарына сәкес жүргізді. Сабақта белсенді әдістерді қолдану арқылы студенттердің тақырыпқа қызығушылығын арттырды.

3. э.ғ.к., доценті А.Т. Мергенбаева  «Экономика негіздері» пәні бойынша 28.04.2021ж. күні сағ. 11.45-те, онлайн түрде ЮМ-20-1к3 тобында ашық практикалық сабақ өткізді.  Сабақ  сұрақ жауап, рөлдік ойындар түрінде өтті. Оқытушы сабақ барысында студенттердің қызығушылығын оятуда, білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өз дәрежесінде өтті. Оқытушының аудиториямен қарым - қатынас жасауы, тіл табысуы, сөйлеу мәдениеті талаптарға сәкес.  Жалпы сабақ жоғарғы оқу орындарына қойылатын талаптарға сай өз дәрежесінде өтті. Ашық сабақ өте қызықты және танымдық бағытта өткізілді. Студенттермен белсенді тығыз байланыс орын алды.Бейнежазбасы бар.

Ашық сабақ өткізген оқытушыларға жазылған пікірлер мен байқау қағазы ұсынылған. Жоспар бойынша өткізілген ашық сабақтар жоғары оқу орындарының талабына сай жоғары деңгейде өтілді.

Ашық сабақтар барысында педагогикалық технологиялар қолданылды, барынша инновациялық  әдістер арқылы жүргізілді. Сабақ барысында оқытушылардың барынша қазіргі таңдағы жаңа ақпарат түрлерін кеңінен пайдаланғандығы оның сабақ мәтіні мен мәнін өте жеңіл әрі түсінікті тілде және қазіргі таңдағы экономика саласының мәселелерімен, жаңалақтарымен ұштастыра отырып жеткізгендіктерінен көрініп тұрды.

Жас мамандар көп жылдық iс-тәжiрибесi бар білікті оқытушылардың сабақтарына қатысып, олардан тәжiрибе алып сабақ беру әдiстерiн үйренедi, сонымен қатар профессор, аға оқытушылар жас мұғалiмдердiң сабақтарына қатысып олардың кемшiлiктерiн байқап, оны түзету жолдарын айтып ақыл кеңестерiмен бөлiседі. Сондықтан да осындай сабаққа қатысулар оқытушылардың педагогикалық кәсіби тәжірибелерін арттыруға көмектеседі.

            2020-2021 оқу жылы бойынша оқытушылары жүктемедегі пәндері бойынша сабақты  «Мастер - тест», «ZOOM», «WEBEX» сияқты бағдарламаларымен өтті

Есепті мерзімде 15.06 - 26.06. 2020ж. мерзімі аралығында аға оқытушы Мауленбердиева Г.А. «Цифрлық сауаттылық және қашықтықтан оқыту технологиясының негіздері» курсы бойынша 80 сағат көлемінде өтіп сертификат алды.

          Академиялық мәселелер жөнідегі Департаменттің  Қосымша білім беру орталығы ОПҚ –ның біліктілігін арттырыу мақсатында «Цифрлық сауаттылық және қашықтықтан оқыту технологиясының негіздері» атты ұйымдастырылған курсқа кафедра оқытушылары қатысуда.

Кафедрада жоспарға сәйкес ғылыми-әдістемелік семинардың 9 отырысы өткізілді. Ғылыми-әдістемелік семинарларда әдістемелік сипаттағы және білім беру процесінде заманауи технологияларды қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған өзекті тақырыптар бойынша мәселелер талқыланады.

Семинарлар дәрістер мен семинарларды өткізудің әдістемесін түсіндіруге, видео дәрістерді өткізуге, деңгейлі тесттер әзірлеуге, сонымен қатар СӨЖ және ОСӨЖ ұйымдастыру мәселелерін, электронды тасымалдағыштарда оқу материалдарын әзірлеу ережелерін, оқулықтарды, оқу құралдарын, электронды оқулықтарды әзірлеу ережелерін және т.б.

«Рухани жаңғыру»- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Экономикалық теория», «Макроэкономика», «Кәсіпкерлік», «Экономикалық саясат», «ҚМС», «Кәсіпкерлік дағдылары» пәндердің оқу-әдістемелік қамтылу картасына, жұмыс оқу бағдарламасына (силлабустар), дәрістер жинағына, практикалық сабақтардың әдістемелік нұсқауларына, СӨЖ ұйымдастыру және орындау бойынша әдістемелік нұсқауларында нігізгі әдебиеттер тізіміне Мэнкью Г. Н., Тейлор М.П. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.-848б., Дональд Ф. Куратко. Кәсіпкерлік теория, процесс, практика. Оқулық. Ұлттық аударма бюросы. Рухани жаңғыру 100 жаңа оқулық. Астана 2018ж. 480 б.  енгізіліп қолданылды.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.