Кафедра тарихы

«Экономикалық теория» кафедрасы

 

 «Экономикалық теория» кафедрасы өз қызметін Қазақ химия-технологиялық институты ашылғалы бері атқара бастады, бірақ та алғашқыда "Саяси экономия" деп аталды. Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар және білім беру жүйесінің қайта құрылуымен байланысты экономисттерге деген сұраныс көбеюде. Нәтижесінде Қазақ химия-технологиялық институтының ғылыми кеңесінің 07.05.1992ж. (хаттама №8) шешімінің негізінде  жаңадан құрылған инженерлі-экономикалық факультеттің құрамынан «Экономикалық теория» кафедрасы құрылды.

1992 жылдан бастап кафедраға жетекшілік еткендер: Нурашева К.К., Назарбекова Д.Б., Райымкулулы С., Утемисова Г.Т., Шерстюк В.Ю., Рахметулина Ж.Б., Уразбаева Г.Ж, Сейтбекова  С.Т. Қазіргі таңда кафедраға А.Т. Мергенбаева жетекшілік етеді.

Кафедра тарихында Детковская Э.С., Ли Ч.Х., Джунусбаев М.Д., Шим А.Я.,  Мырзабекова З.М., Ауешова К.П. сияқты ғалымдар мен тәжірибелі жоғары маманданған оқытушылар өз ісіне берілген және келешек ұрпаққа үлгі балатын ғылыми және әдістемелік база құрды. Қазіргі таңда, ақпараттық технологиялар дамыған ғасырда, тәлім-тәрбие беретін институт орынсыз ұмыт қалған. Осы іске көптеген жылдарғы бай тәжірибелерін қосқан жарқын ұлағатты ұстаздардың еңбектері өте жоғары бағалы. Біздің лекторларымыз  университетіміздің түлектерінің естерінде өшпес із қалдырды.

Кафедраның дамуы үшін э.ғ.к., доцент С. Райымқұлұлы зор үлес қосты. Оның жетекшілігімен 1998-2003 жылдары еңбекқор және жоғары маманданған оқытушылар ұжымы қалыптасты, оқытушылардың ғылыми және әдістемелік дамуы үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалынды. Нәтижесінде 3 кандидаттық диссертация қорғалынып, 3 монография, 3 оқу құралы мен 300 астам ғылыми мақалалар жарық көрді.

Кафедраның профессорлы-оқытушылық құрамы «Цифрлық трансформация жағдайында өңірлік экономиканың орнықтылығын арттырудың ғылыми негіздері» жағдайындағы Қазақстанның интерациялық потенциалының қалыптасуы мен дамуының ғылыми негіздері» атты тақырыптағы мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ жүргізуде. Зерттеу нәтижесі болып жыл сайынғы шетелдік импакт-факторлы, жақын және алыс шет елдік журналдарда, республикалық рейтингті басылымдарда, әртүрлі халықаралық,  республикалық, аймақтық және басқа да конференцияларда 180 астам ғылыми еңбектердің жарық көруі табылады. Жоғары ғылыми потенциалдың жарқын бейнесі болып кафедра ғалымдарының Қазақстан экономикасы мен аймақтарының даму болашағын дайындауға бағытталған ҚР БҒМ қаржыландырылатын ғылыми жобаларға жыл сайын қатысуда.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының нәтижесі 300-ден аса дәріс және семинар сабақтарын жүргізудің әдістемелік талдаулары мен іскерлік ойындар, кейстер және оқу құралдары мен бейнедәрістерін дайындаудан көрінеді. Кафедрада электронды оқытудың интербелсенді әдістері қолданылған мультимедиялық құралдар бар. 2007 жылдан бастап «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасының кезеңмен жүзеге асырылу аясында кафедрада ағылшын тілінде, үш тілдік топтарда Шерстюк В.Ю., Уразбаева Г.Ж., Абишова А.У., Утемисова Г.Т.сабақтар жүргізеді.

ҚР-ның жаңа саяси жағдайындағы мемлекеттің экономикалық саясаты, елдегі экономикалық жағдайларға және атаулы күндерге арналып студенттер мен оқушылар арасында «Экономикалық теория» пәнінен пәндік олимпиадаларды өткізу жыл сайынғы дәстүр болып қалыптасқан.

Қазіргі таңда кафедраға э.ғ.к., доцент А.Т. Мергенбаева жетекшілік етуімен магистратура 7М041073-«Іскерлік әкімшілендіру» МВА (2 жыл), 7М041072-«Іскерлік әкімшілендіру» ЕМВА (1 жыл) білім беру бағдарламасы дайындалды. Оның оқытудың инновациялық әдістерін енгізудегі жаңашыл көзқарасы кафедраның факультеттегі ең үздік аталуына мүмкіндік берді. Нәтижесінде жаңашыл педагогтардың Халықаралық форумында «Экономика негіздері» пәннің ең үздік оқу-әдістемелік кешені атағына ие болды. А.Т. Мергенбаева 120 астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерін шығарды, оның ішінде: 14 импакт факторлы 8 ККСОН журналдарда, электронды 13 оқулықтар, 2 монография мен 3 авторлық  оқу құралы. Оның басшылығымен ОҚО мен Шымкент қаласы бойынша орта білім оқу орындарымен ғылыми-әдістемелік байланыстар орнатылды. Кафедрада оның жетекшілігімен ҒЗЖ мен СҒЗЖ нығайтылды, нәтижесінде студенттердің ғылымға деген қызығушылығы мен жоғары ынтасы артты.

Кафедра оқытушыларының жоғары кәсібилігін жоғары мектепті ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша сарапшы ретінде тартылуы көрсетеді. Мергенбаева А.Т., Уразбаева Г.Ж. өздерін жақсы маман ретінде танытты.

Кафедрада талантты және тәжірибелі оқытушылар мен өз ісіне берілген Утемисова Г.Т., Шерстюк В.Ю., Уразбаева Г.Ж., Абишова А.У., Кожамкулова И.Е., Жуманова Г.М., Досалиев У.К.  Мауленбердиева Г.А., Оспан Б.И., Досболова А.Ж. секілді кәсіби қызметкерлердің тобы қалыптасқан.

Кафедра жетістіктері жоғары мектепті басқарудың әртүрлі деңгейлерінде бағаланады. Мергенбаева  А.Т., Утемисова Г.Т. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды; ЖОО-ның Г.Ж. Уразбаева Г.Ж. үздік лекторы, Абишова А.У. –СҒЗЖ үздік ұйымдастырушысы болып танылды.

Қарттар күніне арналған «Ардагерлерді аялайық» іс-шарадан көрініс

 

«Экономикалық теория» кафедрасының ұжымы


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.