Ғылыми-зерттеу жұмысы, СҒЗЖ

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

«Экономика» кафедрасының 2021-2025 жылдарына  мемлекеттік-бюджеттік  МБ ҒЗЖ-21-06-09 «Өңірде индустрияландыруды тереңдетудің және кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттырудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері» бойынша  жүргізіледі. Ғылыми жетекшісі: кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., профессор Тулеметова А.С.

«Экономика» кафедрасы, оның ішінде білім алушылар ҚР БжҒМ қаржыландыратын жобалар мен келісімшарт бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға қатысады. Бұл білім алушыларды зерттеуге сабақтастықты және қатысуды қамтамасыз етеді.

1 бөлім
Өңірдің өңдеуші өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру және индустрияландыруды тереңдету

2 бөлім
Кәсіпкерлікті дамыту және экономика салаларын цифрландыру

3 бөлім
АӨК тиімділігін арттыру және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

4 бөлім
Әлеуметтік саланы, ауылдық аумақтарды дамыту және "жасыл экономиканы" қалыптастыру мәселелері

2018-2020жж. AP05132706 «Аймақтың жоғары бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін, реттеудің қаржылық құралдары арқылы (муниципалды құнды қағаздар) Қазақстандағы өңірлерді дамытудың экономикалық тетіктерін дайындау» жобасы бойынша жұмыстар атқарылды. Орындаушы: э.ғ.к., доцент Абдикеримова Г.И.

2021-2023жж. гранттық қаржыландыру конкурсқа жіберілген жобалар:

1."Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлденең біріктірілген құрылым ретінде өңірлік азық-түлік хабының моделін қалыптастыру (Түркістан облысының ет кластері мысалында)" жетекшісі: э.ғ.к., доцент Г.И.Абдикеримова. Орындаушылар: PhD доктор Есболова А.Е., э.ғ.к., доцент Альжанова А.А.

2. AP09260675 "Орталық Азия елдерінің экономикалық ынтымақтастығының әлеуетін зерттеу, Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін күшейту негізінде мемлекеттердің интеграциялық өзара іс-қимылының тетігін әзірлеу". Орындаушылар: э.ғ.к., доцент Абдикеримова Г.И., PhD доктор Есболова А.Е., э.ғ.к., доцент Альжанова А.А.

3. 2021-2023 жж. арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған AP09058212 «Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі жағдайында құс өнімдері кешенін дамытудың экономикалық тетігін әзірлеу» атты жобасы ұсынылған. Жетекшісі: PhD доктор Есболова А.Е.

4. ҚР Тұңғыш Президент Қоры конкурсына «Қазіргі заманғы мегаполистің жұмыспен қамтылуын трансформациялау жағдайындағы еңбек нарығы (Шымкент қ. мысалында)» атты жобасы ұсынылған. Жетекшісі: э.ғ.к., доцент Альжанова А.А.

Жұмыс мынадай жобалар бойынша жүргізілуде:

-2021-2023 жылдарға арналған AP09261075 «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлденең біріктірілген құрылым ретінде өңірлік азық-түлік хабының моделін қалыптастыру (Түркістан облысының ет кластері мысалында)». Жетекшісі: э.ғ.к., доцент Г.И.Абдикеримова. Орындаушылар: PhD доктор Есболова А.Е., э.ғ.к., доцент Альжанова А.А.

- Эрасмус+ 2018-2020жж. "Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің экономикасы, экологиясы және инфрақұрылымы" жобасы. Орындаушы: э.ғ.к., доцент Альжанова А.А. Тапсырыс беруші: Дрезден тех. университет.

Scopus журналдары, шетелдік журналдар мен конференцияларға қатысу профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби қызметінің өсуіне, олардың нәтижелерін ұсынуға, тәжірибе жинақтауға, ғылыми байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Кестеде соңғы 3 оқу жылында профессор-оқытушылар құрамының жинақтар және ғылыми еңбектеріндегі ғылыми жарияланымдар саны туралы ақпарат берілген.

Соңғы 3 оқу жылында ПОҚ жарияланған ғылыми мақалалар саны

көрсеткіш

2018-2019

оқу жылы

2019-2020

оқу жылы

2020-2021

 оқу жылы

Scopus халықаралық ғылыми басылымдарында

17

1

19

Шетел журналдарында (РИНЦ және т.б.)

3

16

4

ҚР БҒМ БҒСБК тізіміне кіретін ҚР журналдарында

5

17

17

ҚР БҒМ БҒСБК тізіміне кірмейтін ҚР журналдарында

4

9

18

ҚР-да өткізілген конференция жинақтарында

135

110

131

Шетелдерде өткізілген ғылыми конференцияларда

17

5

24

монографиялар

3

1

6

Өндіріске және оқу процесіне енгізілген ҒЗЖ нәтижелері және зияткерлік меншік объектілерін (куәліктер) қорғау

Көрсеткіштер

2018-2019

оқу жылы

2019-2020

оқу жылы

2020-2021

 оқу жылы

ҒЗЖ нәтижелері, өндіріске ендірілген

2

4

21

ҒЗЖ нәтижелері, оқу процесіне ендірілген

10

9

3

Зияткерлік меншік объектілерін (куәліктер) қорғау

1

10

15

Кафедрада 9 ПОҚ шетел рейтингті журналдарда жарияланған мақалалар бойынша Хирш индексі бар.

Студенттік ғылым, СҒЗЖ, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) және студенттердің оқу-зерттеу жұмысы (СОЗЖ) – бұл студенттердің зерттеу дағдыларын дамыту, олардың жаңа кәсіби білім алуы, жастарды ғылымға тарту.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы практикалық қызметте ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін шығармашылықпен қолдана алатын, экономика дамуының қазіргі заманғы жағдайларына тез бейімделе алатын жоғары білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

СҒЗЖ-ның негізгі мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және күшейту, жоғары білімі бар мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін арттыру үшін оқу, ғылыми, тәрбиелік процестердің бірлігін қамтамасыз ететін жастарды ғылыми, шығармашылық және енгізу қызметіне тарту нысандарын дамыту және жетілдіру болып табылады.

СҒЗЖ негізгі міндеттері:

  • оқу-тәрбие процесінің бірыңғай жүйесі шеңберінде жоғары білім беру жүйесін ғылыммен және өндірістік қызметпен интеграциялаудың жаңа нысандарын жетілдіру және іздестіру;
  • ғылыми, шығармашылық және зерттеу қызметінің дағдыларын арттыру;
  • студенттердің ғылыми зерттеулерге қатысуы, ғылым, өндіріс саласындағы заманауи технологияларды меңгеруі;
  • заманауи ғылыми әдістемелермен танысу, ғылыми әдебиеттермен жұмыс.

Кафедрада СҒЗЖ және СОЗЖ студенттердің қызығушылықтарын ескере отырып, кафедра меңгерушісі және жауапты СҒЗЖ ұйымдастырады және үйлестіреді.

СҒЗЖ және СОЗЖ нәтижелері бойынша студенттер түрлі конференцияларда баяндамалар жасайды, әртүрлі басылымдарда жарияланымдар жасайды.

Жыл сайын кафедраның СҒЗЖ аясында ұсынылған студенттердің ең үздік жұмыстары М. Әуезов атындағы ОҚУ жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша республикалық студенттік ғылыми конференцияның жинағында жарияланады.2018-2021 оқу жылдары университет конференциясына қатысқан студенттер саны 29,6% артты. Кафедрада СҒЗЖ айналысатын студенттер саны есепті кезеңде 48% - ға немесе 152 білім алушыға артты.

СОЗЖ-ның маңызды бағыты пәндік олимпиадаларға қатысу болып табылады. «Экономика» кафедрасы пәндік олимпиадаларды ұйымдастыруға белсенді қатысады. 2019 жылы «Экономика» кафедрасы «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің 2-3 курс студенттері арасында «Экономика» пәні бойынша «Ел болашағы - білімді жастар» пәндік олимпиадасын өткізді. Бес команда олимпиадаларға қатысты: «Менеджмент» мамандығының «Тайм» командасы, «Экономика» мамандығының «Үш мушкетер» командасы, «Есеп және аудит» мамандығының «Актив» командасы, Мирас университетінің студенттері «Болашақ» командасы, Мирас университетінің «Сұңқар» командасы. Олимпиада жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді.

2018 жылдың ақпан айында «Экономика» кафедра студенттері НАРХОЗ университеті базасында I Республикалық олимпиадаға қатысты, 3 орын алды.

Ал, 2020 жылдың мамыр айында кафедраның студенттері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (Петропавл қ.) базасында өткізілген 5В050600 - Экономика мамандығы бойынша XII Республикалық студенттік олимпиадаға қатысып, 3 орын алды.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Басқару және бизнес»жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының базасында,  2021 жылдың 28 сәуірінде «Экономика» пәні бойынша халықаралық студенттік онлайн олимпиада өткізілді. Олимпиада тақырыбы: «COVID-19 пандемиясы жағдайында дамушы елдердің экономикасы».

Олимпиадаға қатысу үшін Ресей Федерациясының (Ресей халықтар достығы университеті), Украина мен Қазақстанның (Оңтүстік Қазақстан Университеті) жоғары оқу орындарынан өтінімдер қабылданды.Университеті, «Мирас» университеті, Silkway Халықаралық университеті, Иван Франко атындағы Львов ұлттық университеті. Жалпы халықаралық пәндік олимпиадаға 12 команда қатысты: «Ресурс», «Ракурс», «Энергия», «Kalimba» командалары (Ресей халықтар достығы университеті), «Регион 15» командасы(М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті), «Болашақ», «Капитал», «Инновация» командалары (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті), «Мирас» командасы (Мирас университеті). Олимпиаданы өткізу барысында студенттер пандемия жағдайында дамушы елдердің экономикасындағы проблемаларды шешу үшін белсенді қатысып, пікір алмасты.

Кафедра студенттері түрлі ғылыми және шығармашылық гранттар байқауларына белсенді қатысады: ҚР БҒМ ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсы; «Болашақтың өз қолында!/Сенің болашағың өз қолыңда» бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан фондаwww.enpf.kz ; Start Up «Bolashak» және т. б.

2018-2021 оқу жылдары 5B050600-Экономика мамандығы бойынша магистратураға түскен студенттер саны 11%-ға артты, онда білім алушылар ғылыми-зерттеу қызметін жалғастырады, осылайша 3 деңгейлік оқытуды қамтамасыз етеді.

Кафедра білім алушыларының ғылыми әлеуетін шоғырландыру және өсіру үшін кафедра бейіні бойынша өзекті және басым зерттеулермен айналысатын ғылыми үйірмелерді дамыту идеясын насихаттау ұсынылады.

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.