Кәсіби бағдар беру жұмыстары

2025 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жоспарына сәйкес, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университеті «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің ОПҚ 17-18 наурыз күндері аралығында Түркістан облысы Қазығұрт ауданы білім бөліміне қарасты мектептердің бітіруші түлектерімен және ата-аналарымен кездесу жұмыстарын жүргізді. Университетімізде білім алып жатқан бірқатар студенттеріміздің ата-аналарына Алғыс хаттар берілді.

Кәсіби бағдар  беру жұмыстары барысында бітіруші талапкерлерге М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің жетістіктері, БББ туралы таныстырылып, ақылы және мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға түсуге болатын шекті және жоғары баллдар аясында көптеген сұрақ-жауаптар жүргізілді. Мектеп бітіруші талапкерлердің университетке деген қызығушылықтары артқандығы байқалды.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.