Жаңалықтар
15-сәуір күні «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің студенттері қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін меңгеру үшін «Adway Group» ЖШС-нің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қашықтықтан оқытудың ережелері мен талаптары, артықшылықтары түсіндірілді. IT саласындағы қашықтықтан оқыту - икемділігі мен қолжетімділігінің арқасында танымал бола бастады.
Маман болуға ұмтылатын көптеген адамдар үшін - оқытудың бұл форматы табысты мансап үшін қажетті білім мен дағдыларды алудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынатындығы айтылды. Студенттер қойылған сұрақтарына мазмұнды әрі толық жауаптар алды.