Кәсіптік бағдар беру күніне орай өткізілген «Ашық есік» күні

2025 жылдың 17-сәуірі күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі мен «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті жоспарлы кестеге сай бітіруші түлектерге арнап кәсіптік бағдар беру күніне орай «Ашық есік» күнін өткізді. Аталған іс-шараға Түркістан облысы Қазығұрт, Мақтаарал ауданы және Шымкент қаласының мектеп, колледж бітіруші түлектері қатысты.

Кездесуде 2025-2026 оқу жылының ҰБТ тапсыру өзгерістері, талаптары, университеттің 380-ге жуық білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер беру  жұмыстары жүргізілді.  Білім бағдарламаларының әлеуеті туралы жан-жақты сұрақтар қамтылды. Жалпы болашақ талапкерлер тарапынан университетіміздің қоғамдық өмір тіршілігі туралы қызығушылықтарына байланысты сұрақтарына нақты жауаптар берілді.   Іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ тапсыруда жоғары ұпай жинауына тілек білдірілді.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.