Жаңалықтар
Университетте «Қаржы» кафедрасы ұйымдастырған «Алтын теңге» ұлттық валюта күніне орайластырылған маңызды іс-шара өтті. Шақырылған басты қонақтардың бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері, «RBK Bank» АҚ өкілі, «JUSAN Bank» АҚ өкілі болды. Шақырылған қонақтардың көпшілігі біздің университеттің түлектері, бұл іс-шараға ерекше жылы әсер берді. «Қазақстан Ұлттық Банкі» РМК қызметкерлері ұлттық валютаның жаңа купюраларын ұсынды. Бұл шығарылым Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасына баса назар аударып, банкноттардың төлем құралдарына ғана емес, сондай-ақ елдің бірегейлігінің көрінісіне айналатынын айқын көрсетті. «RBK Bank» және «JUSAN Bank» студенттерді практикадан өтуге шақырды, практикадан сәтті өткен және болашақта жұмысқа орналастырылған түлектердің мысалдарын келтірді. Мұндай ұсыныстар студенттерді шабыттандырды және олардың алдында нақты даму перспективаларын ашты! Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті әріптестер!
powered by social2s