Кафедрада 5В090200-Туризм мамандығының студенттеріне арналған қосоқыту бағдарламасын және 6B11111 - «Мейрамхана және қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Оқу туризм және қонақүй индустриясында өтеді. Дуалды оқытуға арналған кәсіпорынның базасы – Шымкенттегі ірікәсіпорындардың бірі - «RixosKhadishaShymkent» ЖШС, мұнда оқу пәндеріне сәйкес келесі пәндер бойынша 2, 3, 4 курс студенттеріне арналған дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіледі: «Мейрамхана бизнесі», «Бар ісі. Сусындар өндірісі», «Қонақүй бөлмесінің қорын басқару», «Қонақүйлерді техникалық пайдалану және оларды жабдықтау».
Сабақты «Rixos Khadisha Shymkent» ЖШС кадрлар бөлімінің кадрларды даярлау және дамыту бойынша менеджері - Асанов Парман (негізгібілім - туризм және қонақүй бизнесі саласындағы менеджмент, Цезарь Ритц университеті, Швейцария, Нечметтин Эрбакан мемлекеттік университеті, Кония,) жүргізеді, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарында 0,5 ставка жүктемесімен. Халықаралық туризм және сервис кафедрасының сырттайо қытушысы. Сабақтар ЭФ-17-8дтк, ЭФ 17-8р, ЭФ 19-9дтк топтарында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.