Кафедралар тарихы

«Қаржы» кафедрасы

 

«Қаржы және несие» кафедрасы 1996 жылы 26 тамызында құрылды.

Кафедрамен әр кезде келесі оқутышылар басқарған: э.ғ.к., профессор Бекибаева Ш.Б., э.ғ.д., профессор Жақыпбеков, э.ғ.к., доцент Бигелдиева З.А. Қазіргі кезде кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Айтымбетова А.Н.

Қазіргі таңда «Қаржы» кафедрасы «Банк ісі» және «Салық және салық салу» кафедраларының біріктіру арқылы 2014 жылдың тамызында құрылды және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Университетінің «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедрада педагогикалық және тәжірибелік қызметтегі үлкен тәжірибесі бар оқытушы-профессорлық құрамы жұмыс жүргізеді, оның құрамына 1 э.ғ.д., профессор, 9 э.ғ.к., 2 PhD докторы, 9 магистр.

Осы уақыт ішінде университет бітіргеннен кейін экономиканың түрлі салаларында: қаржы, банк, салық, өндірістік бірлестіктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялар, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындарда 4000-нан астам мамандар даярланды.

Зерттеулер жүргізілуде: Сонғы жылдары кафедрада ғылыми дәрежелігін көтеру бойынша жұмыс жүргізілді. 2017 жылы кафедраның аға оқытушысы Құлбай Б.С., 2018 жылы кафедра аға оқытушысы Жакипбекова Д.С. PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Екеуі де PhD докторы деген дәрежесіне ие болды. Сондай-ақ, 2018 жылы э.ғ.к. Исаева Г.К. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен расталған қауымдыстырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды. 2021 ж. э.ғ.к. Айтымбетова А.Н. ҚР БҒМ БҒССҚК қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды. Кафедраның екі аға оқытушысы докторантурада оқиды: Пазилов Г.А. (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да), Сейсенбаева Ж.М. (М.Әуезов атындағы ОҚУ-де)

Жарияланған мақалалар: кафедраның оқытушылары соңғы үш жылда (2018 ж. бастап) 200-ден астам мақалаларды жариялады, халықаралық және республикалық конференцияларда ғылыми зерттеулерге белсене қатысады, түрлі ғылыми және практикалық журналдарда, соның ішінде: SCOPUS, Thomson Reuters халықаралық базалардын, РИНЦ, ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдара және т.б. Соңғы үш жылда кафедра оқытушылары оқу үрдісінде мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 21-ден астам оқу құралдар мен 10 монография шығарып, оқу үрдісінде қолданды.

 


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.