«Есеп және аудит» кафедрасының тәрбие жұмысы
“Есеп және аудит” кафедрасының тәрбие жұмысы бекітілген жоспар негізінде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
Ø ұйымдастыру жұмыстары
Ø азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие
Ø рухани-адамгершілік тәрбие
Ø кәсіби еңбек тәрбиесі
Ø діни толеранттылықтың қалыптасуы
Ø дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру
Ø экологиялық тәрбие
Ø интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту
Ø мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие
Ø студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту
Жыл сайын дәстүрге сай кафедраның ұйымдастыруымен, бухгалтерлер күніне орай «Бухгалтерлер апталығы» атап өтіледі. Апталыққа өңіріміздің ірі кәсіпорындарының кәсіби бас бухгалтерлері мен жетекші мамандары қатысады.Мәдени-эстетикалық, патриоттық, діни сауаттылық және рухани –тәрбие беру мақсатында университет пен жатақханада түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, құқық қорғау органдары, БАҚ өкілдері мен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынынан мамандар шақырылады.Кафедра студенттерінен құралған «Баланс kz» және «Шаңырақ» командалары студенттік пәндік олимпиадада II орынмен марапатталды.ЭФ-13-7р тобының студенті Абдуалиева Ж. «ОҚМУ аруы» сайысында «Ең нәзік ару» номинациясын жеңіп алды. Кафедра студенттері волейбол бойынша ұйымдастырылған универсиадада I орынды иеленді. ПОҚ қайырымдылық шараларына қатысып, Сайрамдағы балалар үйіне көмек көрсетеді. Кафедра барлық уақытта болашақ ұрпақта жоғары азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге ат салысады.
«Бухгалтерлер күніне орай» Бас бухгалтерлермен кездесу (оңнан солға қарай ОҚО бойынша КБД бас бухгалтері Сарыбаев Н.М., «Шымкентхиммонтаж» ЖШС бас бухгалтері Теңгебаева Г.Т, «ОҚО мемлекеттік экспертиза» ММ бухгалтері Байжанова Б.Ж.. )
Кафедраның белсенді студенттері студенттік өзін-өзі басқару күнінде
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және онымен күрес» атты тақырыпта өткізілген кездесу
“Менің құқықтарым” атты семинар-конференцияда
Тәуелсіздік күніне орай № 4 жатақханада өткізілген іс-шара
powered by social2s