Халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын ұйымдастыру
11.11.2019-15.11.2019 жылы Ташкент аграрлық университетінің оқытушыларымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша М.Әуезов тындағы ОҚУ базасында 45 сағат көлемінде «ХҚЕС реформасы:әлемдік жүйеге интеграция» тақырыбына мастер класс ұйымдастырылды. Біліктілігін жоғарылатып, келесі оқытушылар сертификат алды: Сейтбекова С.Т., Саркулова Н.Қ.,Сатенов Б.И., Туребаева Ж.К., Джуманов А.М., Атенова К.А., Абдыкулова Д.Б., Ахметова С.С., Тулегенова Р.Ж., Тулебаева В.Т., Карибов В.М., Ускенов М., Жадигерова Г.А.
Кафедра меңгерушісі Сатымбекова К.Б. Украина Республикасының Одесса Ұлттық Политехникалық универстетінде 11.01.-23.01.21. аралығында 72 сағат көлемінде онлайн режимде «Management of Company in the Condition of Global Economic Transformations» курсын тыңдап, сертификат алды. Сертификат №Т/09 23.01.2021 ж.
19 наурыз 2021 жылы «Что ждет Казахстан после пандемии?» деп аталатын Нобельт сыйлығының лауреаты Майк Спенстың дискуссиясын тыңдауға Есеп және аудит кафедарысының оқытушылары қатысты. Кездесу YouTube каналында екі тілде өткізілді.
Онлайн кездесу М.Әуезов атындағы ОҚУ базасында өтті. Кездесуді француз экономисті Бреттон-Вудс жаңғыру комитетінің директоры Марк Узан жүргізді. Пікірталас кезінде сұрақтар қойылып, онлайн лекция қатысушылары арасында қызу талқыланды. Лауреаттың лекциясы – әлемдік экономикалық үрдістің бір бөлігі ретінде дамушы елдер экономикасының трансформациясы мен бизнестің цифрландыру болып табылады. Қазақтстан экономикасына қатысты Спенс мырза энертетикалық сектордағы тұрақты табыс пен бизнесті жан жақты қолдауға назар аударды.