02.02. 2022 ж. Білм және ғылым министрі А. Қ. Аймағанбетов жылдың үздік ұстаздарын марапаттады. Аталған іс-шараға М. Әуезов атындагы ОҚУ "Экономика" кафедрасының профессоры э.ғ.к. Абдикеримова Г. И. қатысып жылдың үздік марапаттымен марапатталды.
«Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша студенттік олимпиаданы өткізілді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы 2022 жылы 17 наурызында экономика мамандықтарының 2-3 курс студенттері арасында «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша студенттік олимпиаданы өткізді.Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:− білікті мамандарды даярлау сапасын жақсарту;− студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру;− студенттердің білімін және өздігінен білім алуын бақылауды жүйелі ұйымдастыру;− студенттердің шығармашылық қабілеттерін және болашақ мамандығына қызығушылығын анықтау, дамыту және жандандыру.