Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмыстары

Кафедра профессор-оқытушыларының негізгі қызметінің бірі студенттерге жоғары сапалы білім берумен қатар, оларды рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық негізде тәрбиелеу болып табылады.

«Халықаралық туризм және сервис» кафедрасында 20 академиялық  Білім алады: 12 қазақ және 8 орыс тобы. Әр топқа топ тәлімгерлері бекітілген.

«Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының тәрбие жұмысы 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Осы тәрбиелік жұмыс жоспарына сәйкес кафедра өзінің іс-шаралар жоспарын жасап, бекітеді. Осы мақсатта жыл сайын көптеген іс-шаралар, оның ішінде «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Үздік студент», «Тәуелсіздік тірегім», «Салауатты өмір-денсаулық кепілі», «Дін және дәстүр», жастар арасында нашақорлық мәселелерін талқылау бойынша семинар, дөңгелек үстел, пікір-сайыстар ұйымдастырылып өткізіледі. Кафедрада студенттермен денсаулық сақтау, дін өкілдерімен, жұмыс берушілермен кездесуін ұйымдастыру дәстүрге айналды. 
2020-2021 оқу жылында. «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасында бірінші курстармен бірге жиналыс өткізілді және «Білім жөнінде» ҚР – ның Заңы, университеттің ішкі тәртібі, оқу үдерісі, қоғамдық өмірге араласу сұрақтары бойынша кафедра меңгерушісі Есенова А.Е. аға тәлімгер Садыков Ж.Ж. және кафедра  эдвайзері Жумагулова Г.М. сөз алып, талқыға салды.

      Жыл сайын  «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының ұйымдастыруымен "Халықаралық туризм күніне орай дөңгелек стол ұйымдастырып келеді.  Тәлімгерлердің жетекшілігімен ашық тәлімгерлік сағаттар ұйымдастырылып  отырады атап айтсақ: "Жастар нашақорлыққа қарсы", Дені саудың- жаны сау" т.б. Ашық тәлімгерлік сағатты өткізудің мақсаты- студенттің салауатты өмір сүру қағидасын қалыптастыру, дені сау тұлғаны дамуына жағдай жасау болып табылады

    Жалпы кафедрадағы жоспар бойынша бекітілген іс-шаралар уақыты бойынша өтіліп отырады. Тәлімгерлер әр апталық тәлімгер сағатында студент жастардың адамгершілік, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік мәні зор әңгімелер жүргізіп отырады. Факультет тарапынан берілген тапсырмалар дер кезінде орындалады.     


Күнтізбе

Наурыз 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.