Диас Нұрланұлы ЭФ-21-3к
Пердебай Аяулым ЭФ-21-4к
Іс-шараның қонағы ретінде мемлекетке, университетімізге, ғылымға, экономикаға еңбек сіңірген ардагеріміз э.ғ.д., профессор Р.Қ. Ниязбековамен кездесу өткізілді. Өткізілу барысында көрнекі слайдтар арқылы Роза апаймыздың өмір жолына шолу жасалынды. Ол кісі студенттерге өмір тәжірибесімен бөлісіп, ұстаздық ақыл кеңесін берді. Студенттер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын жауап алып кеш өз мәресіне жетті.
Кеш соңында студенттер Роза апайымызға арналған ән-жырларын, мәнерлі өлеңдерін жеткізді.
Ұйымдастырушылар топ тәлімгерлері Сиязбекқызы Б ., Карабаева Ш.А топтар Эф-20-2 к1, 2 к2 ,4 к
Осы тақырып аясында ЭФ-20-4к тобының студенті Нұралы Амина қатысты.
ЭФ-20-3к тобының студенті Қалшораев Бақдаулет өз презентациясын айтып шықты. Жетекшісі аға оқытушы Қарабаева Шынар Әуезхановна және ҒЗЖ Жауапты магистр оқытушы Джетибаева Айнур Бимурзаевна.
1986 жылдан Еркінбек Өксікбайұлы, Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актері. Кездесу барысында студенттерді қонағымыздың шығармашылық жетістіктері, алдағы жоспарлары қызықтырды. Кездесу соңында Шымыркулов Е.О. «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің деканы Сейдахметов М.К. атынан алғыс хат табыс етілді. жастарымызды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін.
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы «Экономикалық теория» кафедрасымен бірлесіп, №2 жатақханада «Жастардың діни сауаттылығын арттыру» атты іс-шара ұйымдастырды. Шараға «Қамар» қайырымдылық ұйымының директоры Ғ.Өсербаев, Шымкент қалалық Жастар Ассамблеясының жетекшісі Н.Мейрамбеков және тағы басқалар қатысты.
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының тәрбие жұмысы келесі бағыттарда жүзеге асырылады: азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, кәсіби-еңбек тәрбиесі, діни толеранттылықтың қалыптасуы, дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру, экологиялық тәрбие, интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениеті дамыту, мәдени-эстетикалық тәрбие, студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту.
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – студенттердің ұлттық сана сезімін қалыптастыру, рухани ойлау дәрежесін арттыру, мәдениеті мен парасаты жоғары патриот, зияткер ұлт өкілдерін тәрбиелеу, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбие жұмысы бойынша кафедра ОПҚ студенттермен тығыз байланыс жасайды. Өзекті мәселелер жөнініде тәрбие сағаттары өткізіліп, түрлі іс-шаралар іске асырылады. Тәрбилік ортаны қалыптастыру үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-да студенттерге көптеген мүмкіндіктер қарастырылған: студенттік өзін-өзі басқаруға қатысу; студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтарына мүше болу; Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қатысу, «НұрОтан» Партиясының «Жастар қанаты» ұйымына мүше болу.
Мәдени эстетикалық, патриоттық, рухани тәрбие беру мақсатында ашық тәлімгерлік сағаттар өткізіліп отырады. Студенттерге білім алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдайлар жасалынған.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг»
мамандығының студенттері жатақханада ауқымды іс –шара өткізуде