Кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмыстары
«Қаржы» кафедрасымен Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша мектеп ұжымы, оқушылары және ата-аналарымен 2020-2021, 2021-2022 оқу жылында онлайн – оффлайн форматта кездесулер өткізілді. Түркістан облысының Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Мақтарал ауданындарына, Шымкент, Кентау қалаларына қарасты ЖОМ кәсіби- бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін мектеп ұжымы, оқушылары және ата-аналарымен эпидемиялық- санитарлық режимді сақтай отырып, яғни zoom платформасы арқылы жүргізілді. Атап айтсақ Сайрам ауданына қарасты- 15 ЖОМ, Кентау қаласына қарасты- 9 ЖОМ, Сарыағаш ауданына қарасты 13 ЖОМ, Түлкібас ауданына қарасты- 8 ЖОМ, Мақтарал ауданына қарасты- 10 ЖОМ, Шымкент қаласына қарасты- 8 ЖОМ мектептерінде онлайн форматта кездесулер өткізілді. Сонымен қатар кафедраға бөлінген қаланың ЖОМ- де 25.05.2021ж. «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынына қатысып 6В04140- Қаржы БББ- мен таныстырып, арнайы дайындалған буклеттер таратылды. Өткізілген кездесулердің барлығы Жоғары мектептің Instagram «Basqarubiznes», «Басқару және Бизнес» Facebook парақшаларында жарияланып отырды және білім беру бағдарламасы бойынша жарнамалық буклеттер жарияланған.
2020-2021 оқу жылында «Қаржы» кафедрасымен баспасөз құралдарында келесідей мақалалар жарияланды:
№ |
Мақаланың аталынуы |
Баспасөз құралы |
Баспасөз құралының орналасқан орны |
Мерзімі |
Мақала авторы |
1 |
Теңге – еліміздің қаржылық тәуелсіздігінің айрықша белгісі |
Ар-дақ, Республикалық қоғамдық- саяси, ақпараттық басылым |
Шымкент қаласы |
№42 (874), 13 қараша, 2020ж |
«Қаржы» кафедрасының аға оқытушылары Кальбаева Н.Т., Калтаева Д. |
2 |
Финансы – как основа национальной индустриализации в период постпандемии |
Ғажайып Қазақстан, Республикалық қоғамдық, саяси, ақпараттық басылым |
Шымкент қаласы |
№05(005), 5 мамыр, 2021ж |
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Айтымбетова А.Н. |