Білім беру бағдарламалары

 

Білім беру бағдарламалары

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 Кіріспе

4

1.  

Білім беру бағдарламасының паспорты

6

2.  

Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелері             

7

3.  

Білім беру бағдарламасын  бітіруші  түлектің құзыреттері

8

4.

Білім беру бағдарламасының модульдер кескінінде меңгерілген кредиттер көлемі көрсетілген жиынтық кесте

10

5.

Пәндер туралы мәліметтер

11

 

Келісім парағы

33

 

Қосымша 1. Жұмыс берушінің пікірі

 

 

Қосымша 2. Сараптамалық қорытынды

 

 

Кіріспе

  1. Қолдану аясы

            ҚР Білім және ғылым министрлігінің "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамда 6В04110 «Экономика» білім беру бағдарламасы (бұдан әрі ББ) бойынша бакалаврлар дайындауды жүзеге асыруға арналған.  

 

  1. Нормативтік құжаттар

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (04.01.2021 ж. енгізілген өзгертулер мен  толықтыруларымен);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылдың 31 қазанында №17657 болып тіркелген);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығына 2018 жылғы 12 қазандағы №563 бұйрығымен енгізілген  өзгертулер мен толықтыруларымен;

 Кәсіптік стандарттары:

  • "фирма ресурстарын жоспарлау және талдау саласындағы қызмет" кәсіптік стандарты ("Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 26.12.2019 ж. №263 бұйрығымен бекітілген – 85-қосымша);
  • "Жобаларды басқару" кәсіптік стандарты ("Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 26.12.2019 ж. №263 бұйрығымен бекітілген – 93-қосымша);
  • "инновациялық идеяларды әзірлеу және трансформациялау" кәсіптік стандарты ("Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы орынбасарының 24.12.2019 ж. № 259 бұйрығымен бекітілген – 9-қосымша).

 

  1. Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы

Білім беру бағдарламасының мақсаты университеттің миссиясына сәйкес  және білімі үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін, кәсіпкерлік дағдыларды игерген, үш тілді еркін меңгерген, тұжырымдамалық, аналитикалық және логикалық ойлауға қабілетті, кәсіби қызметке шығармашылықпен қарайтын, ұлттық және интернационалдық ұжымда жұмыс істеуге қабілетті, өмір бойы оқу стратегиясын қолдайтын еліміздің зияткерлік элитасын дайындауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасы ҚР Ұлттық біліктілік шеңберінің  6 деңгейімен, Дублин дескрипторларымен, Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің біліктілік шеңберінің 1 циклімен, (A Framework for Qualification of the European Higher Education Area), сонымен қатар өмір бойы білім алу үшін Еуропалық біліктілік шеңберінің 6 деңгейімен  (The European Qualification Framework for Lifelong Learning) үйлесімділікте.

Білім беру бағдарламасы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру арқылы стейкхолдерлердің талаптарын ескере отырып түзетілген ғылыми-зерттеу, тәжірибелік және кәсіпкерлік қызметтің қажетті түрлерімен байланысты кәсіби және әлеуметтік тапсырысқа бағытталған.

6В04110 "Экономика" білім беру бағдарламасының бірегейлігі түлектің кең ауқымды лауазымды ұстанымын және мемлекеттік билік органдарында және түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы ұйымдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде мансаптық өсуін іске асыруға мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларының интеграциясы;  инновациялық сипаттағы пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін, университеттің жоғары материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін пайдалану болып табылады. Бұл, өз кезегінде, экономиканың нақты секторы және қызметтер көрсету саласы кәсіпорындары мен ұйымдары үшін жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасы Болон процесінің қағидаларын, студенттерді орталықтандыра оқыту, қол жетімділік пен инклюзивтілікті қолдана отырып,  білім беру процесін ұйымдастыру арқылы оқыту нәтижелеріне жетуді мақсат тұтады.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелеріне келесідей оқу іс-шараларын жүзеге асыру  арқылы қол жеткізіледі:

- аудиториялық сабақтар: дәрістер, семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар – инновациялық оқыту технологияларын, ғылым, технологиялар мен ақпараттық жүйелердің жаңа жетістіктерін қолдану арқылы жүргізіледі;

- аудиториядан тыс сабақтар: білім алушының өзіндік жұмысы, оның ішінде оқытушының басшылығымен, жеке кеңес беру сабақтары;

-өңір кәсіпорындарында кәсіптік іс-тәжірибелер өткізу, курстық және диплом жұмыстарын (жобаларын) орындау.

Университетте академиялық адалдық пен академиялық еркіндікті қолдауға, білім алушыға көрсетілген төзбеушілік және кемсітушіліктің  кез-келген түрінен қорғауға байланысты шаралар қабылданған.

Білім беру бағдарламасының сапасы оны әзірлеуге және бағалауға стейкхолдерлерді тарту  мен оның мазмұнына жүйелі түрде мониторинг және шолу жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

 

4.Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 31.10.2018ж. №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленген.


 

  1. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ПАСПОРТЫ

 

1.1 Мамандық бойынша білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

 

Білім беру бағдарламасының мақсаты: тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға, елдің, бизнес субъектілерінің озық экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті жоғары білікті экономика бакалаврларын дайындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

- қоғамда әлеуметтік-жауапкершіліктік тәртіпті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларының маңыздылығын түсіну және оларды сақтау;

- бүкіл өмір бойы оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін, өзінің барлық кәсіби мансабындағы өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын  базалық бакалавр дайындығын қамтамасыз ету;

- жалпы жоғары интеллектуалдық даму деңгейіне жету,   сауатты, әрі жетік сөйлей білуді,  ойлау мәдениеті мен ұлттық және аймақтық экономика салаларында еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларын игеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

- олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету немесе келесі оқу деңгейлерінде оқуын жалғастыруларына жағдай жасау үшін интеллектуалдық, физикалық, рухани, эстетикалық жағынан дамуы үшін жағдайлар жасау;

- экономика, кәсіпкерлік, өндірісті басқару және  ұйымдастыру аясында толыққанды, сапалы білім, кәсіби құзіреттілік ұсыну.

 

1.2 Біліктілік және қызметтер тізімі

Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке «экономика бакалавры» дәрежесі тағайындалады.

6В04110 "Экономика" мамандығы бойынша бакалаврлар (ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық және жобалық ұйымдарда) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №553 бұйрығымен бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының Біліктілік анықтамасындағы біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс өтіліне талаптар қойылмай, экономика және статистика аясында, кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы және экономика бөлімдерінде, талдамалық бөлімшелерде экономист, сарапшылар және басқа да қызметкерлердің  бастапқы лауазымдарын атқара алады

 

1.3 Білім беру бағдарламасын бітірген түлекке біліктілігі туралы сипаттама

 

1.3.1 Кәсіби қызмет саласы

Экономика бакалаврының кәсіби қызмет саласы ұлттық және аймақтық экономика саласы болып табылады.

 

1.3.2 Кәсіби қызмет нысандары

Бітіруші түлектердің кәсіби қызмет нысандары  қызмет түріне, меншік нысанына, қатысушылар санатына (ҚР резиденттері және резидент еместері), ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамай ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдамалық қызметтері, республикалық және жергілікті деңгейдегі мелекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттары болып табылады.

 

1.3.3 Кәсіби қызмет пәндері

6В04110 "Экономика" мамандығы бойынша экономика  бакалаврының кәсіби қызмет пәндері саланың немесе жеке кәсіпорынның нақты жағдайларында экономикалық үдерістердің дамуының жалпы, жеке және айрықша экономикалық заңдарының әрекет етуі мен көріну нысандарын зерттеу болып табылады

 

1.3.4 Кәсіби қызмет түрлері

6В04110 "Экономика"  мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:

  • талдамалық;
  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • өндірістік-басқарушылық;
  • жобалау;
  • ғылыми-зерттеу.

 

 

  1. Білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері

ОН1 Кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сұхбаттаса алу.

ОН2 Кәсіби қызметінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық білімдерін, экономиканың, оның салалары мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің әрекет етуіне қатысты кәсіби қызметті регламенттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша білімдерін көрсете білу және оларды практикалық қызметінде пайдалану.

ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, құрылымдалған және құрылымданбаған деректердің үлкен көлемін өңдей білу, кәсіби қызметінде заманауи техникалық құралдарды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу.

ОН4 Кәсіби қызметте негізделген ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдер қабылдау  және олардың тиімділігін бағалау, мүмкіндіктерін, қабілеттіліктерін және мотивацияны ескере отырып, адамдарды және олардың іс-әрекеттерін басқару.

ОН5 Экономикалық қызметті жоспарлау әдіснамалары мен дағдыларын игеру, кәсіпорынның қаржылық, экономикалық, өндірістік және коммерциялық қызметінің жобаларын (бизнес жоспарларын) әзірлеу; кәсіпорынның және оның бөлімдерінің перспективтік және ағымдық жоспарларын, кәсіпорынның дамуының жалпы және функционалдық стратегияларын әзірлеу және оларды  экономикалық негіздеу.

ОН6 Еңбек үдерістері мен жұмыс орындарын жобалау, ұйымның еңбек ресурстарына қажеттіліктерін жоспарлау; еңбек шығындарын мөлшерлеуді іске асыру; еңбекақының және қызметті ынталандырудың заманауи нысандарын  әзірлеу.

ОН7 Қойылған экономикалық міндеттерді шешу үшін қажетті мәліметтерді жинау, жүйелеу, талдау және өңдеуді іске асыру, макро- және микродеңгейде экономикалық үдерістерді, құбылыстарды өз ара байланыста талдау жасау және түсіндіру,
кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау және бақылау; мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдары мен әдістерін ұсыну және күтілетін нәтижелерді бағалау.

ОН8 Үнемдеу режимін, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндірістің рентабельділігін, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу; экономикалық қызметтің тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.

ОН9 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің көрсеткіштерін, үдерістерді, құбылыстарды, жағдаяттарды экономикалық-математикалық үлгілеу, болжау әдістерін пайдалану. Стандартты теориялық және эконометриялық модельдерді құру.

ОН10 Қызметтің әр түрлі аяларында инвестициялық және инновациялық жобаларды (идеяны жинақтау кезеңінен инновацияны коммерцияландыруға дейін) әзірлеу және іске асыру және олардың тиімділігін бағалау.

ОН11 Белгісіздік пен тәуекел жағдайында кәсіпкерлік дағдыларын және жұмыс жасау дағдыларын пайдалану.

ОН12 Жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын сыпайы дәлелдей алу, өзінің іс-әрекеттерін түзете білу, жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени жағдайларға бейімделу.

 

                             

3 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН БІТІРУШІ ТҮЛЕКТІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ

 

3.1 Білім беру бағдарламасы бойынша оқуын табысты тәмамдау түлектің келесідей құзыреттіктерін қалыптастыруға ықпал етеді:

  • шешуші құзыреттіліктер (ШҚ)
  • кәсіби құзыреттіліктер (КҚ).

 

Шешуші құзыреттіліктер:

ШҚ1 - ана тілі саласында

- экономикалық білім саласында ұғымдарды, ой, сезім, фактілер мен пікірлерді жазбаша және ауызша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) білдіру және түсіну қабілетін, сондай-ақ оқу кезінде, жұмыста, үйде және бос уақытында лингвистикалық және шығармашылық тұрғыдан жан-жақты қоғамдық және мәдени контексте тиісті түрде меңгеру қабілеті;

ШҚ2 - шет тілдері саласында

- шет тіліндегі коммуникациялардың негізгі дағдыларын – кәсіби саладағы ұғымдар, фактілер мен пікірлерді тиісті әлеуметтік және мәдени контексте ауызша және жазбаша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) түсіну, білдіру және түсіндіру дағдыларын, медиация және мәдениетаралық түсінік дағдыларын меңгеру қабілеті;

ШҚ3 - математикалық  дайындық

- ЖОО-да математикалық пәндерді оқытуда білім беру әлеуетін, тәжірибесі мен жеке қасиеттерін қолдана  білуге дайын болу және меңгеру, кәсіби міндеттерді шешуде бақылау және бағалау тәсілдерін айқындау, математикалық ойлауды дамыту қабілеті;

ШҚ4 - компьютерлік

- жұмыста, бос уақытта және коммуникацияларда заманауи ақпараттық және сандық технологияларды сенімді, әрі сыни тұрғыда пайдалану, оларды қолдануда, қалпына келтіру, бағалау, сақтау, өндіру, таныстыру және компьютер арқылы ақпарат алмасу дағдыларын меңгеру, кәсіби қызмет саласында Интернет арқылы ынтымақтас желілерде қарым-қатынас жасау және қатысу қабілеті;

 ШҚ5 әлеуметтік

- қоғамдық пікірге, дәстүрлер, салттар, нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды меңгеру және оларға өзінің кәсіби қызметінде сүйене білу қабілеті; Қазақстан халықтарының мәдениетін білу және олардың дәстүрлерін сақтауға бағытталу; Қазақстанның құқықтық жүйесінің негіздері мен заңнамасын білу; қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;  түрлі әлеуметтік жағдайларда жұмыс істей білу; мәмілеге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен сәйкестендіре білу; іскери әдеп нормаларын, әдеп  және құқықтық нормаларды меңгеру; кәсіби өсу және жеке тұлға ретінде дамуға талпыну; командамен жұмыс жасай білу, өз көзқарасын жетік дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу; басқа индивидтарға  қатысты толеранттылық таныта білу қабілеті.

ШҚ6 - экономикалық және кәсіпкерлік

- экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну; экономикалық білім негіздерін меңгеру; кәсіби міндеттерге қол жеткізу үшін жобаларды басқару, кәсіпкерлік дағдыларын көрсете білу қабілеті.

ШҚ7 - мәдени дайындау

- Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу және түсіну, әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу,  толеранттылықта төзімділік таныту,    жоғары рухани қасиеттерге ие бола білу.

ШҚ8 қосымша құзыреті

- сыни ойлай білу, түсіндіру, шығармашылық талдау, қорытынды шығару, бағалау дағдыларын меңгеру; креативті және белсенді өмірлік позициясы бар болуы; кәсіби сипаттағы тәуекел және белгісіздік  жағдайларда шешім қабылдай алу қабілеті.

Кәсіби құзыреттіліктер:

КҚ1 - әлеуметтік-экономикалық үдерістер мен құбылыстар туралы отандық және шетелдік статистиканың деректерін талдау және интерпретациялау, олардың даму үрдістерін анықтау , ақпараттық шолу және/немесе талдамалық есеп құрастыру қабілеті;

КҚ2 - типтік әдістемелер мен қолданыстағы нормативті-құқықтық база негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу қабілеті

КҚ3 - басқару шешімдерінің ұсынылып отырған нұсқаларын сыни бағалауға, әлеуметтік-экономикалық тиімділігі өлшемдерін, тәуекелдер мен ықтималды әлеуметтік-экономикалық салдарларын ескере отырып, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және негіздеу қабілеті;

КҚ4 - жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға, іс-әрекеттегі кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау және кеңейту, өнімнің жаңа түрлерін енгізуге қатысты жобалық есептеулер әзірлеуді және жүргізуді  жүзеге асыру, арнаулы құжаттар (техникалық-экономикалық негіздеме, бизнес-жоспар және т. б.) даярлау; сондай-ақ әзірленген жобалардың стандартқа және басқа нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

КҚ5 - экономикалық процестер мен құбылыстардың сипаттамасы негізінде стандартты теориялық және эконометрикалық модельдер құру, алынған  нәтижелерді талдау және мазмұндық түсіндіру, әлеуметтік-экономикалық болжамдар жасау қабілеті;

КҚ6 - экономикалық, техникалық және әлеуметтік факторлар кешенін ескере отырып, кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында еңбек үдерістері мен еңбекақы төлеу жүйесін жобалау,  кәсіпорында еңбек нормаларын есептеу қабілеті.

 

3.2 Білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері мен модульдердің жалпы қалыптасқан құзыреттіліктері ара қатынасының матрицасы

 

 

ОН1

ОН2

ОН3

ОН4

ОН5

ОН6

ОН7

ОН8

ОН9

ОН10

ОН11

ОН12

ШҚ1

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

ШҚ2

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

ШҚ3

 

+

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

ШҚ4

 

 

+

 

 

 

+

 

+

 

 

 

ШҚ5

 

+

 

 

 

+

 

 

 

 

 

+

ШҚ6

 

 

 

 

+

 

+

+

 

+

+

 

ШҚ7

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

ШҚ8

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

+

+

КҚ1

 

 

+

 

 

 

+

 

 

 

 

 

КҚ2

 

 

 

 

+

 

+

 

 

 

 

 

КҚ3

 

 

 

 

+

 

 

 

+

 

+

 

КҚ4

 

 

 

 

+

 

 

 

 

+

 

 

КҚ5

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

КҚ6

 

 

 

 

 

+

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 6В04110 – ЭКОНОМИКА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕР КЕСКІНІНДЕ МЕҢГЕРІЛГЕН КРЕДИТТЕР КӨЛЕМІМЕН КӨРСЕТІЛГЕН ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕ

 

Оқу курсы

Семестр

Меңгерілген модульдер  саны

Оқылатын пәндер саны

KZ кредиттер саны

Барлығы сағатпен

Барлығы кредит KZ

Саны

МК

ЖООК

ТК

Теория-лық оқу

Дене шынық-тыру

Оқу практика

сы

Өндірістік және дипломал-ды  практика

Қорытынды аттестат

тау

дана

диф.
сынақ

1

1

3

4

2

1

28

2

 

 

 

900

30

6

1

2

5

5

1

1

27

2

1

 

 

900

30

5

3

2

3

6

3

4

1

28

2

 

 

 

900

30

6

2

4

4

1

3

3

24

2

 

4

 

900

30

6

2

3

5

6

-

-

6

30

 

 

 

 

900

30

6

-

6

3

-

-

2

23

 

 

7

 

900

30

2

1

4

7

4

-

-

4

20

 

 

 

 

600

20

4

-

8

2

-

-

4

20

 

 

 

 

600

20

4

-

9

1

-

-

-

 

 

 

8

12

600

20

-

1

барлы

ғы

16

8

10

22

200                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

8

1

19

12

7200

240

39

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

  1. Пәндер туралы мәліметтер

 

Модуль атауы

ЦИКЛ

ЖООК/ТК

Компонент атауы

Пәннің қысқаша сипаттамасы

(30-50 сөз)

Кредиттер саны

Қалыптасатын ОН (кодтары)

Қоғамдық ғылымдар модулі

ЖБП

МК

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Бұл ұлттық тарихтың тұжырымдамалық негіздерін жіктеуге, қазақ мемлекеттілігінің сабақтастығы мен қазіргі заманғы Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін түсіндіруге мүмкіндік береді. Азаттық қозғалысы идеологиясын қалыптастыруда ұлттық интеллигенцияның қызметін талдау және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту кезеңдері. Демократиялық мемлекеттің қалыптасуын сипаттау. Тұңғыш Президенттің мемлекеттік басқару теориясы мен тәжірибесіне қосқан үлесін бағалау.

5

ОН2

ЖБП

МК

Философия

Философияның пайда болуының негіздері зерттеледі, ойлау мәдениетінің пайда болу ерекшеліктері ашылады, «философия», «дүниетаным» түсініктері, «болу» ұғымдарының мәні мен мазмұны ашылады. «Білім» және «шығармашылық» ұғымдарының арасындағы байланыс қарастырылған, бостандық философиясы санатының мәні мен мазмұны анықталған. Философиялық мәселелердің мәнін, сын тұрғысынан ойлауды, философиялық аспектілерді зерттеу дағдыларын, тәжірибе мен танымның проблемаларын шешуге дағдыланады.

5

ОН2

ОН12

Әлеуметтік-саяси білімдер модулі

ЖБП

МК

Әлеуметтану және саясаттану    

Әлеуметтану теориясы, әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы оқытылады, қоғамдағы саясаттың рөлі мен орны түсіндіріледі, cаяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, оның ішінде жастар саясаты, қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі қарастырылады, мемлекеттің мәні айқындалады, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қарым-қатынас анықталды. Әлеуметтік-саяси ақпараттарды талдау, әлеуметтанулық зерттеу дағдылары әзірленуде.

4

ОН2

ОН12

ЖБП

МК

Мәдениеттану және психология 

Әлеуметтік-мәдени-психологиялық модуль пәндерінің негізгі білімі жүйесіндегі интеграциялық процестердің нәтижесі ретінде қоғамның әлеуметтік және этикалық құндылықтарын түсіну; қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы рөлі тұрғысынан психологиялық институттардың ерекшеліктерін талдау; қоғамда, оның ішінде кәсіби қоғамда жанжал жағдайларын шешуге арналған бағдарламаларды қалыптастыру; әлеуметтік маңыздылығы туралы өзінің пікірін дұрыс білдіруге және қорғауға қабілетті.

4

ОН2

ОН12

Әлеуметтік-этникалық даму модулі  

ЖБП

ЖК

Экожүйе және құқық

Экожүйенің мәнін және оның тұрақты дамуын қарастырады. Ол адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуінің және жағымсыз факторлардан қорғаудың негіздерін ашады. Қазіргі қоғамдағы құқықтың орны мен рөлін ашады. Қазақстан заңнамасын және оның практикалық мақсаттарда қолданылуын сипаттайды. Экожүйелердің даму проблемаларын диагностикалау, тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу білігін қалыптастырады.

5

ОН2

ОН11

ОН12

БП

ТК

Абайтану

А. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы зерттеледі; оның шығармашылық мұрасы талданады. А. Құнанбаевпен өз дәуірінің ағартушысы ретінде таныстырады. Әлемдік және шығыс әдебиеттегі Абайдың әдеби мұрасын талдау дағдылары дамиды. Отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдері сіңіріледі.

3

ОН2

БП

ТК

Мұхтартану

М. О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы зерттеледі; жазушының шығармашылық зертханасы, оның өмірбаяны; Абайтану ғылымының негізін салушы; жырдың "Манас"зерттеушісі ретіндегі шығармашылық контексте талданады. М. Әуезовпен көрнекті қоғам қайраткері ретінде таныстырады. Әлемдік және шығыс әдебиетінде М. Әуезовтың әдеби мұрасын талдау дағдылары дамиды. Отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдері сіңіріледі.

ОН2

БП

ТК

Қоғамдық сананы жаңғырту және оның өзекті мәселелері

Қоғамдық сананы жаңғыртудың жалпы түсінігін ашады. Ұлттық сананың белгілерін, рөлін және мәнін сипаттайды. Бәсекеге қабілеттіліктің, прагматизмнің, мемлекеттік-құқықтық идеологияның, ұлттық бірегейліктің, білімге табынудың, Қазақстанның эволюциялық дамуының маңызын сипаттайды. Білім беруге, салауатты өмір салты мен кәсіби табысқа баса назар аудара отырып, ұтымды өмір сүруге, өз болашағын жоспарлауға, өзгермелі өмір жағдайларына бейімделуге дағдыландырады.

ОН2

Коммуникация және дене мәдениеті модулі

ЖБП

МК

Қазақ (орыс) тілі

Адамдар арасындағы қарым-қатынас, әлеуметтік және мәдениетаралық қарым-қатынас саласында орыс (қазақ) тілінде когнитивті және коммуникативтік әрекеттерді дамыту. Этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызды нормаларды пікірталастарда талқылау дағдыларын қалыптастыру, командада жұмыс істеу, командалық жұмыс, икемділік, шығармашылық . Мәтіндік ақпараттарды интерпретациялау бойынша практикалық дағдыларды дамыту, олардың әртүрлі салаларында стилистикалық, жанрлық ерекшеліктерін түсіндіру.

10

ОН1

ОН12

ЖБП

МК

Шетел тілі

Шетел тілінің негіздерін, оның сөздік қорын, грамматикасын қалыптастырады және жүйелейді және шет тіліндегі қарым-қатынас дағдыларын дамытады. Қарапайым тілдік құралдарды пайдаланып диалогтық немесе монолог сөйлеуді құрастыру мүмкіндігін дамытады, өздерінің мәлімдемелерін жасау, сұрақтар қоюға және жауап беруге қабілеттілігі; сөйлеу және жазу дағдылары, шет тіліндегі электронды байланыс.

10

ОН1

ОН12

ЖБП

МК

Дене шынықтыру

Білім мен дағдыларды дамытуды көздейді, дене шынықтыру және дене шынықтыру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесін қалыптастырады. Дене шынықтыру мен спорттың түрлерін таңдау әдісітерін игеру; жалпы даму және арнайы жаттығулар кешендерін құрамдастыру; спорттық техника түрлерін, жарысты бағалау дағдыларын меңгеру; студенттерді бұқаралық спорт жарыстарына қатысуға шақыру; мамандықтың талаптарына сәйкес кәсіптік-қолданбалы оқыту дағдыларын жетілдіру.

8

ОН12

БП

ЖК

Кәсіби қазақ (орыс) тілі           

Мәтіннен қажетті ақпаратты алу дағдыларын дамыту, оны оқу және кәсіби қарым-қатынаста түсіндіру. Кəсіби деңгейде байланыстар орнату қабілетінің дамуы, байланыстың мақсаттары мен жағдайына негізделген коммуникацияларды сауатты түрде қалыптастыру. Кәсіби қарым-қатынас саласында орыс (қазақ) тілінде сөздік мінез-құлық бағдарламасын жасау үдерісінде шығармашылықты, инновацияны, алқындылықты енгізу.

3

ОН1

ОН2

ОН12

БП

ЖК

Кәсіби бағытталған шетел тілі     

Болашақ экономистердің тіл, сөйлеу және әлеуметтік-мәдени тәрбиесінің қажетті ауқымын көрсетеді, оқу үрдісінде болашақ мамандықтағы студенттердің өзін-өзі анықтауға бағдарланған және мақсатталған. Ол жалпы және кәсіби сипаттағы шетелдік мәтіндерді оқу, аудару және аудару үшін қажетті шет тілін іскерлік және кәсіби лексикалық пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

3

ОН1

ОН2

ОН12

ЖБП

МК

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар (ағыл.тілінде)      

Компьютерлік жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етуін білу. Ақпаратты іздеу және сақтау, электрондық кестелермен жұмыс істеу, дерекқорлармен жұмыс істеу үшін ақпараттық ресурстарды пайдалану дағдыларын дамыту. Ақпаратты қорғау әдістерін және құралдарын пайдалану; мультимедиялық презентацияларды, веб-сайттарды жобалау және жасау. Электрондық үкімет пен электронды кітаптарды, түрлі бұлттық технологияларды, SMART технологияларын басқару дағдыларын үйрену.

5

ОН3

Экономикалық-математикалық дайындаудың негіздері

БП

ЖК

Экономикадағы математика

Экономикадағы математиканың негізгі негізгі ұғымдарын білу және түсіну: матрицалар және детерминанттар, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесі және теңсіздіктер, векторлар және олар бойынша әрекеттер, экономикалық талдаудағы дифференциалдық есеп, экономикалық және математикалық модельдеу, қолданбалы математикалық модельдер, ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканың негізгі түсініктері.

4

ОН2

ОН9

БП

ЖК

Экономикалық теория

Қажеттіліктерді, ресурстарды, қызметтерді, қоғамдық өндірісті, экономикалық жүйелерді, меншікті, нарықты, капиталды зерттейді. Кәсіпкерлік қызмет дағдыларын қалыптастырады, пайданы, жер рентасын, факторлық  кірістерін талдайды. Экономикалық дамудың циклдық сипаты, жұмыссыздық және оның нысандары, инфляция және оның түрлері туралы дүниетаным қалыптастырады. Ақша –несие, қаржы жүйесін, экономикалық өсу факторларын, әлемдік экономиканың даму тенденцияларын талдау дағдыларын дамытады.

4

ОН2

ОН7

БП

ТК

Мамандыққа кіріспе

Өзінің  таңдап  алған мамандығымен танысу, экономист жұмысының ерекшеліктерін анықтайды; Оқу үрдісінің құрылымын бағдарлауға мүмкіндік береді, М. Ауезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыру құрылымымен, экономика бакалаврын дайындауда білім беру бағдарламаларымен таныстыру. Студенттердің  кредиттік оқыту жүйесін  қарастырады. Қазақстан Республикасы экономикасының ғылыми және практикалық ерекшеліктерімен таныстырады. Болашақ мамандыққа құрметпен қарайды.

4

ОН2

ОН12

БП

ТК

Академиялық жазу негіздері

Examines features of scientific communication, scientific style of written and oral texts, principles of organization of scientific texts. Develops skills of working with information sources in construction of educational and research work in written and oral format, generalization, analysis, perception of information, setting goals and choosing ways to achieve it.

ОН1

ОН2

ОН12

БП

ЖК

Микроэкономика және макроэкономика

Экономиканы реттеудің нарықтық механизмін, сұраныс, ұсыныс заңдарын, тұтынушының мінез-құлық теориясын, өндіріс теориясын қарастырады. Макроэкономикалық көрсеткіштерді, модельдерді, Макроэкономикалық тепе-теңдікті, тұтыну мен үнемдеуді, мемлекеттік бюджетті, валюта жүйесін, төлем балансын зерттейді. Өндіріс шығындарын есептеу, компанияның нарықтағы тепе-теңдігін басқару, фискалдық саясатты, Макроэкономикалық тепе-теңдікті және ақша-кредит саясатын талдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

5

ОН2

ОН7

ОН8

 

БП

ЖК

Оқу практикасы

Университетте жүзеге асырылатын «Экономика» білім беру бағдарламасының мазмұнын, болашақ кәсіптік қызметтің түрлері, функциялары мен міндеттерін ұсынады.Экономиканың жағдайын талдау үшін бастапқы экономикалық білімдер мен дағдыларды нығайтады, дамытады және жетілдіреді.Ақпаратты басқарудың негізгі әдістерін меңгеру дағдыларын қалыптастырады, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің тәсілдері мен құралдарын, компьютерлік дағдыларды қалыптастырады.

1

ОН2

ОН7

ОН12

Басқару және бизнес негіздері

БП

ЖК

Менеджмент

Менеджмент мектептерінің эволюциясын ескере отырып, басқарушылық қызметтің мәнін қарастырады. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасын зерттейді. Басқару функцияларын қалыптастырады: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау. Менеджердің ролін, көшбасшылық пен ықпалының мәнін дәлелдейді.Қақтығыстарды басқару процесінің ерекшеліктерін және белгісіздік жағдайындағы өзгерістерді түсіндіреді. Басқару шешімдерін қабылдау дағдыларын қалыптастырады.

4

ОН4

ОН11

БП

ТК

Маркетинг

Маркетингтің теориялық негіздері мен тұжырымдамаларын ашады. Маркетингтік ортаны, процесті және нарық сегменттеу стратегиясын сипаттайды. Байланыс саясаттары, сату, баға, тауардың критерийлері, элементтері мен түрлеріне толық сипаттама беріледі. Маркетингтік бақылаудың түрлерін, жоспарлау кезеңдерін айқындайды. Халықаралық маркетинг және сервистік маркетинг элементтерін сипаттайды.  Маркетингтік кешенді дамыту  мен нарықты зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

4

ОН4

ОН7

 

БП

ТК

Маркетингтік зерттеулер

Маркетингтік зерттеудің мәні, мазмұны және ұйымдастырылуы, олардың негізгі бағыттары анықталады. Маркетингтік зерттеулердегі ақпарат түрлерін анықтайды, жоспарлау процесін, ұйымдастырушылық және этикалық маркетингтік зерттеулерді көрсетеді. Маркетингтік зерттеулердің формасын, әдістерін таңдайды. Маркетингте сандық, сапалы зерттеулердің жіктелуін сипаттайды.Панель мен кабинетті зерттеу ерекшеліктерін сипаттайды. Маркетингтік зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

ОН3

ОН7

 

БП

ЖК

Кәсіпорын экономикасы

Кәсіпорын ресурстарымен  таныстыру:  негізгі және айналымдық капитал, еңбек ресурстары, олардың сипаттамалары. Нарықтағы экономикалық субъектілердің жұмыс істеу механизмін түсіндіреді.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің түсінігін, сапаны басқару және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырады. Кәсіпорынның қызметін  талдау дағдыларын қалыптастырады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау мүмкіндігін дамытады және оны жетілдіру бойынша басқару шешімдерін қабылдайды.

4

ОН4

ОН7

ОН8

БП

ТК

Кәсіпкерлік

Бизнесті дамытудағы жинақталған отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, кәсіпкерлік қызметтің механизмін енгізеді. Іскерлік қызметті басқаратын азаматтық құқықты қолдану мүмкіндігін дамытады. Тәуекелдік және белгісіздік тұрғысынан сыни ойлауды және басқару шешімдерін қабылдау қабілетін дамытады. Ол бизнес-жоспарлау дағдыларын, командада да, өз бетімен де жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады.

4

ОН2

ОН4

ОН5

ОН11

БП

ТК

Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру

Кәсіпкерліктің белгілі бір қызмет саласының мазмұнының ерекшелігін қарастырады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ерекшеліктерімен таныстырады. Бизнесті құруға және тіркеуге, құрылтай құжаттарын, бизнес-стратегияларды және бизнес-жоспарларды жасау дағдыларын дамытады. Бизнес идеяларын қалыптастыру, тәуекелдерді басқару, экономиканың белгілі бір саласы немесе бизнес секторындағы іскерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау механизмін ашып көрсетеді.

ОН2

ОН5

ОН7

ОН8

ОН10

ОН11

Есеп және қаржы негіздері

БП

ЖК

Қаржы

Қаржы түсінігі мен мақсатын анықтайды. Қаржылық механизмнің, қаржы ресурстарының элементтерін ашады. Қаржы нарығын қаржы ресурстарын қайта бөлу тетігі ретінде ерекшелендіреді. Қаржы жүйесін және қаржы саясатын сипаттайды. Ол әлеуметтік-экономикалық процестерді қаржылық реттеуді және қаржылық басқарудың функционалдық негізін сипаттайды. Ол қаржылық басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық базасының ерекшеліктерін көрсетеді. Қаржылық басқару дағдыларын қалыптастырады.

4

ОН2

ОН4

БП

ТК

Салық және салық салу

Салық салудың мәнін зерттейді. Салық элементі ұғымын, салық объектісі мен субъектісін және тасымалдаушысын айқындайды. Салық салу мөлшерін, салық окладын және салық квотасын ашып көрсетеді. Салық ставкасын, оның түрлері мен есептеу әдістерін анықтайды. Салық заңнамасының ерекшеліктерін бөліп көрсетеді және оны тәжірибеде қолдана білуді қалыптастырады. Шетелдердегі салық заңнамасының ерекшеліктерін жіктейді.

4

ОН2

 

БП

ТК

Қаржы нарықтары және делдалдар

Қаржы нарығының инфрақұрылымын және оның құрамдас элементтерін ашып көрсетеді. Ақша, депозиттік, кредиттік, валюталық, сақтандыру, зейнетақы нарығын, бағалы қағаздар нарығын және олардың құралдарын жіктейді. Қаржы нарығын реттеудің құқықтық негіздерін сипаттайды. ҚР Ұлттық Банкінің алатын орнын анықтайды. Қаржы саласында басқарушылық шешімдер қабылдау дағдылары мен сыни ойлауды дамытады.

ОН2

ОН4

БП

ЖК

Бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есеп пен аудиттің негізгі заңдарын, ережелері мен стандарттарын қолдануды анықтайды. Негізгі тұжырымдамаларды, қағидаларды, объектілерді, бухгалтерлік есеп пен аудиттің әдістерін, қаржылық есептілік элементтерін білдіреді. Қаржылық есептілік элементтерінің есебін айқындайды. Бухгалтерлік балансты, шоттар жүйесін, қос жазбаны жүргізу, қаржылық есептілік нысандарын жасау және ұсыну бойынша дағдыларды қалыптастырады.

4

ОН2

БП

ТК

Статистика

Статистикалық әдіснама: жалпы қағидаттар, тәсілдер, жинақтау әдістері, статистикалық деректерді талдау, өңдеу, жаппай қоғамдық құбылыстар мен процестердің даму заңдылықтары мен үрдістерін зерделеу және  олардың сандық сипаттамалары туралы түсінік қалыптастырады. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың даму процестерін талдау үшін статистикалық ақпаратты пайдалану бойынша дағдыларды қалыптастырады.

4

ОН3

ОН7

 

БП

ТК

Аудит негіздері

Аудит жүргізудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын анықтайды. Аудиторлық қызметті реттеу жүйесін сипаттайды. Аудиторлық құпияның мазмұнын ашады. Аудит және ілеспе қызметтер түрлерін жіктейді. Құжаттау, аудитті жоспарлау элементтерін ажыратады. Аудиторлық дәлелдемелердің сенімділігі ұғымына сүйенеді. Ұйымда аудит жүргізу, аудиторлық қорытынды жасау бойынша дағдыларды қалыптастырады.

ОН2

ОН8

 

Халықаралық экономика және сыртқы экономикалық қызмет

БП

ТК

Халықаралық экономика

Халықаралық экономиканың, капиталдың халықаралық қозғалысының, жұмыс күшінің халықаралық көші-қонының, халықаралық технологиялық алмасудың қалыптасуы мен құрылымын, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін сипаттайды. Халықаралық ынтымақтастық саласындағы түрлі елдердің шаруашылық субъектілерінің өзара іс-қимыл заңдылықтарын қарастырады. Халықаралық келісімшарттарды жасау, тауарлардың, қызметтердің, зияткерлік меншіктің әлемдік нарықтарын талдау бойынша дағдыларды қалыптастырады.

5

ОН2

ОН7

БП

ТК

Халықаралық сауда

Халықаралық сауданың классикалық және қазіргі заманғы теорияларының негіздерін, халықаралық сауданың ерекшеліктері мен функцияларын сипаттайды. Әлемнің әр түрлі елдерінің сыртқы саудасының ерекшеліктерін талдау; халықаралық тауар нарықтарының конъюнктурасын зерттеу және орта мерзімді үрдістер мен оларды дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын болжау, сыртқы сауда қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштер жүйесін әзірлей алуды қалыптастырады.

ОН2

ОН7

ОН8

ОН9

БП

ТК

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызмет

Сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттарын сипаттайды: сауда делдалдығы, бірлескен кәсіпкерлік, инвестициялық ынтымақтастық, технологиялық алмасу. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу, оны кәсіпорын деңгейінде басқару, сыртқы нарықтарға шығу стратегиясын әзірлеу мәселелерін ашып көрсетеді. Сыртқы экономикалық қызметті көліктік, кедендік және қаржылық қамтамасыз етудің ерекшеліктерін көрсетеді. Сыртқы сауда келісім-шарттарын жасау, баға белгілеу дағдыларын қалыптастырады.

5

ОН2

ОН11

БП

ТК

Интеграциялық үдерістер экономикасы

Интеграцияның мәнін, интеграциялық құрылымдарды, интеграцияның түрлерін, экономиканы дамытудағы интеграциялық құрылымдардың рөлін ашады. Қазіргі заманғы әлемдік экономикадағы интеграциялық процестердің қалыптасуы мен дамуын, келісілген мемлекетаралық экономикалық саясатты жүргізуге негізделген мемлекеттердің тұрақты өзара байланысын белгілеу ерекшеліктерін сипаттайды. Макродеңгейдегі экономикалық процестерді, құбылыстарды талдауды жүзеге асыру дағдыларын дамытады.

ОН2

ОН7

 

Экологиялық-экономикалық қызмет

БП

ТК

Өнеркәсіптіктің экономикасы

Қазақстанның өнеркәсібін, даму кезеңдерін, саланы қалыптастыруды, ресурстық әлеуетті және өнеркәсіптің жұмыс істеуінің экономикалық тетігін сипаттайды. Өнеркәсіптің аса маңызды салаларын, олардың жай-күйі мен дамуын сипаттайды. Қазақстан Республикасы экономикасының индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында салалардың тиімдіжұмыс істеуін қамтамасыз ететін экономикалық заңдардың әрекеттерін  ашып көрсетеді. Өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайынталдау, оның дамуының инновациялық сипатынбағалау дағдыларын қалыптастыру.

5

ОН7

ОН8

БП

ТК

Ауыл шаруашылығы экономикасы

Объективті экономикалық заңдардың әрекетін, олардың ауыл шаруашылығында көрініс беру нысандарын, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруді ашады. Ауыл шаруашылығының ресурстық базасын, еңбекақы төлеу ерекшеліктерін қарастырады. Өнімнің өзіндік құнын анықтау және ауыл шаруашылығындағы баға белгілеу дағдыларын қалыптастырады.

ОН7

ОН8

КП

ЖК

Өндірістік практика І

Кәсіпорын экономикасы бойынша алынған теориялық және практикалық білімді практикада қолданады. Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомстволардың есептілігінде қамтылған қаржылық, бухгалтерлік және өзге де ақпаратты талдау және түсіндіру іскерлігін қалыптастырады. Типтік әдістемелер мен қолданыстағы нормативтік-құқықтық база негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеудің  практикалық іскерлігін дамытады.

4

ОН2

ОН7

ОН8

ОН12

Жоспарлау және болжау

БП

ТК

Кәсіпорынның қызметтін жоспарлау

Басқарудағы жоспарлаудың мәні мен функцияларын, жоспарлау әдістерін, жоспарлы есептер мен көрсеткіштерді ашады. Кәсіпорын жоспарларының жүйесін және олардың өзара байланысын, кәсіпорынның дамуын стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктерін сипаттайды. Еңбек,  материалдық және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлей білуді қалыптастырады.

5

ОН4

ОН5

ОН8

БП

ТК

Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы

Экономикалық стратегиялардың түрлерін және олардың ерекшеліктерін қарастырады. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктерін сипаттайды. Кәсіпорындардың (ұйымдардың) нақты экономикалық стратегияларын қалыптастыру (таңдау) және оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу процесін сипаттайды. Кәсіпорын қызметінің стратегиялық талдауын жүргізу және оның даму стратегиясын әзірлеу білімін қалыптастырады.

ОН4

ОН5

ОН7

ОН8

БП

ТК

Экономиканы болжау және жоспарлау

Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау және жоспарлау әдістемесін ашады. Әлеуметтік-экономикалық процестерді жоспарлау және болжау ерекшеліктерін сипаттайды: экономикалық өсу, халықтың жұмыспен қамтылуы, халықтың өмір сүру деңгейі, инфляция, инновациялық және инвестициялық қызмет, экономиканың өндірістік салаларын, өңірлерді, сыртқы экономикалық байланыстарды дамытады. Әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын, болжамдарын жасау дағдыларын қалыптастырады.

5

ОН5

ОН9

БП

ТК

Қоғамдық сектор экономикасы

Қоғамдық сектордың жұмыс істеу ерекшеліктерін қарастырады. Мемлекеттің қоғамның экономикалық өміріне  қатысуының себептері, нысандары, тетіктері мен салдары туралы кешенді түсінікті қалыптастырады. Тиімділік пен әділдік өлшемшарттары жөніндегі мемлекеттің экономикалық әрекеттерінің салдарын бағалау білігін және экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы талдамалық қызмет дағдыларын дамытады.

ОН2

ОН4

КП

ЖК

Өндірістік практика IІ

Бейіндік пәндер бойынша теориялық білімді тереңдетеді. Негізделген шешімдерді дербес қабылдау қабілетін қалыптастырады. Түркістан облысының ұйымдарында, кәсіпорындарында және басқармаларында жұмыс тәжірибесін алуға ықпал етеді. Өз бетінше жұмыс істеу, өзін-өзі ұйымдастыру, жоспарлау, талдау, өзінің оқу-танымдық қызметін өзіндік бағалау; білімді құрылымдау, жүйелеу және оларды әртүрлі тәсілдермен ұсыну; көпшілік алдында сөйлеу және есеп беру құжаттамасын таныстыру дағдыларын қалыптастырады.

7

ОН2

ОН4

ОН5

ОН7

ОН12

Aймақтық және салалық экономика

БП

ТК

Aймақтық экономика

Өңірлердің шаруашылық кешенінің жұмыс істеуінің экономикалық тетігін қалыптастыру, өсімін молайту үдерістері, өңірлік саясатты жүргізу, экономикалық және әлеуметтік дамудың өңірлік бағдарламаларын қалыптастыру мәселелерін зерттейді. Базалық статистикалық көрсеткіштер негізінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауды жүргізу, оның дамуының аса маңызды мәселелерін анықтау іскерлігін қалыптастырады. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын диагностикалаудың технологиялары мен әдістерін меңгеру дағдыларын дамытады.

6

ОН2

ОН7

БП

ТК

Қала экономикасы

Қалалардың пайда болу заңдылықтарын, қалалардағы экономикалық белсенділіктің шоғырлануының артықшылықтарын, заманауи қала экономикасының салалық құрылымының ерекшеліктерін, қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелерін қарастырады. Муниципалитеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіну қабілетін; қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

ОН4

ОН7

 

БП

ТК

Жылжымайтын мүлік экономикасы

Кәсіпкерлік қызметтің маңызды саласы ретінде жылжымайтын мүлік нарығының жұмыс істеу теориясы мен практикасын, ел экономикасындағы жылжымайтын мүліктің қызметі мен рөлін, жылжымайтын мүлік нарығының жіктелуін қарастырады. Жылжымайтын мүлік нарығын мемлекеттік реттеу, жылжымайтын мүлік нарығын дамыту үрдістері мәселелерін жариялайды. Жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалау әдістерін қолдана білуді қалыптастырады.

5

ОН2

ОН7

 

БП

ТК

Әлеуметтік сала экономикасы

Әлеуметтік салада болып жатқан экономикалық процестер туралы тұтас түсінік қалыптастырады. Білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, әлеуметтік қызмет көрсету және зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік салалардың даму ерекшеліктерімен таныстырады. Әлеуметтік саланың даму үрдістерін талдау, мәселелерін анықтау және оның әрекет етуінің тиімділігін жоғарылату бойынша іс-шаралар әзірлеу қабілеттерін  алыптастырады.

ОН7

ОН8

 

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және экономикалық қауіпсіздігі

БП

ТК

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдері

Кәсіпкерлік қызметте туындайтын тәуекелдердің мәні мен функциялары, тәуекел түрлері қарастырылады. Тәуекелдің мәні және оның экономикалық табиғаты анықталады, тәуекелдер мен тәуекел факторларын жіктеудің әртүрлі тәсілдері ашылады. Тәуекел-менеджмент технологиясы ашып көрсетеді: тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау процесі, тәуекелдерді басқару стратегиясын әзірлеу, тәуекелдерді басқару әдістерін таңдау, сақтандыру, кәсіпорында тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру.

5

ОН4

ОН7

ОН11

БП

ТК

Экономикалық қауіпсіздігі

Елдің экономикалық қауіпсіздігі жүйесін, оның ұйымдық құрылымын құруға тұжырымдамалық тәсілдермен, жұмыс істеу және басқару тетіктерімен таныстырады. Жаһандану және халықаралық қатынастарды дамыту жағдайында ел қауіпсіздігінің жекелеген түрлерінің мазмұнын ашады. Елдің экономикалық өмірі субъектілері мүдделерінің қорғалу жағдайы туралы ақпарат алудың әдістері мен тәсілдерін меңгеруге ықпал етеді. Кәсіпкерлік қауіпсіздігі туралы түсініктерді қалыптастырады.

ОН7

ОН11

КП

ТК

Экономикалық талдау

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау әдістемесін қарастырады. Талдаудың дәстүрлі әдістерін, детерминирленген факторлық және статистикалық талдау әдістерін қолдану, кәсіпорындардың экономикалық қызметінің резервтерін анықтау дағдыларын қалыптастырады. Шаруашылық қызметті талдаудағы факторлардың әсерін өлшеу тәсілдерін анықтайды. Талдау жүргізу, оның нәтижелері бойынша нақты қорытынды жасау және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ұсынымдар дайындау біліктілігін дамытады.

6

ОН4

ОН7

ОН8

КП

ТК

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметтін талдау және диагностика

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау және диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістерін қарастырады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау және диагностика жүргізудің практикалық дағдыларын, басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру, даму резервін таба білу қабілетін дамытады. Әдістемелік негіздерді меңгеру және қаржылық-шаруашылық қызметті талдаудың практикалық дағдыларын меңгеру арқылы аналитикалық және шығармашылық ойлауды қалыптастырады.

ОН4

ОН7

ОН8

КП

ТК

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі

Бәсекеге қабілеттіліктің микро-, макро-, мезо - және мегаэкономикалық детерминанттарын сипаттайды. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдық-экономикалық тетігін негіздейді. Салалардың, кәсіпорындар мен тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерімен; кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің нысандары мен әдістерімен таныстырады. Кәсіпорында баға қалыптастыруда негізделген басқару шешімдерін қабылдау; өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қабілетін қалыптастырады.

5

ОН4

ОН7

ОН8

КП

ТК

Баға және бағаны қалыптастыру

Қазіргі жағдайда бағаны   қалыптастыру мәселелерін зерттейді. Бағаларды және олардың жүйесін жіктейді. Бағаның құрамы мен құрылымын және баға құраушы факторларды анықтайды, баға    қалыптастыру процесінің кезеңдерін   сипаттайды. Бағаларды белгілеу, бағалық саясатты және баға қалыптастыру стратегиясын әзірлеу дағдыларын қалыптастыру.                     

ОН4

ОН5

ОН8

Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық қызмет

КП

ТК

Кәсіпорындарының инновациялық қызметінің экономикасы және  басқару

Кәсіпорындарда инновациялық технологияларды енгізу, инновациялық бизнестің ерекшеліктері ашылады. Инновацияның өмірлік циклын есептеу және инновациялық қызметті ресурстық қамтамасыз ету үшін қажетті деректер жүйелендіріледі. Кәсіпорындарда инновациялық қызметті басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу қабілеті қалыптасады.

5

ОН4

ОН8

ОН10

КП

ТК

Жаңа еңгізілім және инновациялар инфрақұрылымы

Инновациялық қызметтің негізгі элементтерін, мазмұнын және ұйымдастырушылық құрылымдарын қарастырады. Ұлттық инновациялық жүйенің мазмұнын, инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Инновациялардың негізгі сипаттамаларын және олардың экономикалық құбылыстарға әсерін бейнелейді. Инновациялық ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдау, инновациялық үдерістегі экономикалық құбылыстарды талдау әдістері мен тәсілдерін игеру дағдыларын қалыптастырады.

ОН2

ОН12

 

КП

ТК

Инновациялық экономика

Инновациялық қызметтің негізгі элементтерін, мазмұнын және ұйымдастырушылық құрылымдарын қарастырады. Ұлттық инновациялық жүйенің мазмұнын, инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Инновациялардың негізгі сипаттамаларын және олардың экономикалық құбылыстарға әсерін бейнелейді. Инновациялық ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдау, инновациялық үдерістегі экономикалық құбылыстарды талдау әдістері мен тәсілдерін игеру дағдыларын қалыптастырады.

5

ОН2

ОН7

 

КП

ТК

Инновациялық қызметті экономикалық және қаржылық қамтамасыз ету

Инновациялық кәсіпкерліктің, инновациялық климатты бағалаудың ерекшеліктерін ашады. Инновациялық жобалардың экономикалық тиімділігін анықтаудың факторлары, критерийлері мен әдістері, инновациялық жобалардың экономикалық сараптамасы және инновацияларды іске асыру мониторингі, инновациялық қызметті қаржылық қолдау қарастырылады. Инновациялық жобаларды, оның ішінде тәуекел мен инфляцияны ескеретін инновациялық жобаларды экономикалық бағалау әдістерін меңгеру дағдыларын қалыптастыру

ОН7

ОН8

ОН10

КП

ТК

Бизнес жоспарлау

Бизнес-жоспарлау процесін қарастырады. Бизнес-жоспардың және оның негізгі бөлімдерінің құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптарды ашады. Бизнес-жоспардың маркетинг жоспары, өндіріс жоспары, қаржылық жоспары, ұйымдастыру жоспары, тәуекелдер сияқты бөлімдерін жасаудың әдістемесін сипаттайды.  Бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып бизнес-жоспарды құру дағдыларын қалаптастырады.

5

ОН3

ОН5

 

КП

ТК

Инвестицияны экономикалық бағалау

Инвестициялық қызметтің теориясы мен практикасы мәселелерін, инвестицияларды экономикалық бағалау қағидалары мен әдістерін ашады, сондай-ақ инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау кезінде қолданылатын компьютерлік технологиялармен таныстырады. Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау қағиларын қарастырады. Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін анықтау дағдыларын қалыптастырады.

ОН3

ОН5

ОН8

ОН10

Кәсіпорындарындағы өндірістік мен еңбек процесін ұйымдастыру және басқару

КП

ТК

Өндірісті ұйымдастыру

Кәсіпорындарда өндірістік жүйелер мен үдерістерді ұйымдастыру ерекшеліктерін, өндірістік ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалана отырып бәсекелестік өнім шығарудың өндірістік процестерін жүзеге асырудың ұтымды нысандары мен әдістерін қарастырады.

Өндірістік инфрақұрылымның: жөндеу, энергетикалық, көлік, қойма шаруашылығы және кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырылуын сипаттайды. Кәсіпорында өндірістік үдерістерді ұйымдастыру және оңтайландыру дағдыларын қалыптастырады.

5

ОН4

ОН8

 

КП

ТК

Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру

Басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерімен, басқаруды ұйымдастыруды талдау әдістерімен, басқару шешімдерін орындауды ұйымдастыруға қабылдау, құру, ұйымдастыру құрылымымен, ұйымдық жобалау әдістерімен таныстырады. Басқару әдістемесін, басқару еңбегін ұйымдастыру ерекшеліктерін, басқаруды ұйымдастырудағы моделдеудің рөлін ашады. Талдау және ұйымдастыруды жобалау әдістерін меңгеру, басқаруды ұйымдастыру тиімділігінің көрсеткіштерін талдау дағдысын қалыптастырады.

ОН2

ОН4

ОН8

КП

ТК

Кәсіпорындарындағы  еңбекті мөлшерлеу және ұйымдастыру

Еңбекті ұйымдастыру мен нормалаудың нарықтық жүйедегі персоналдың еңбегін ұйымдастырудың тиімді формаларының қазіргі заманғы тәсілдерін ашып көрсетеді. Жұмысты орындауға еңбек шығындарын белгілеу ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін сипаттайды: еңбек процестерін жобалаудың теориясын, әдістерін, практикалық тәжірибесін, уақыт нормаларын белгілеу, өндіру, жұмыс санын, кәсіпорын қызметкерлерінің түрлі санаттары үшін нормаланған тапсырмаларын.

5

ОН6

 

КП

ТК

Персоналды басқару

Кәсіпорынның кадрлық саясатының және персоналды басқарудың қазіргі таңдағы тұжырымдамасын айқындайды. Негізгі кадрлық технологияны және персонал құрылымын қарастырады: персоналды жалдауды ұйымдастыру, персоналды іріктеу әдісі, персоналды аттестациялау, кадрлық резервті қалыптастыру, персоналды уәждеу. Кәсіпорын, бөлімше персоналының қызметін болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау дағдыларын қалыптастырады

ОН4

ОН5

ОН6

ОН9

ОН12

 

КП

ТК

Кәсіпорындағы шығындарды басқару

Пайданы ұлғайту мақсатында кәсіпорындардағы шығындарды басқару әдістері мен құралдарын, өнімді өндіру мен сатуға арналған шығындарды азайту резервтерін қарастырады. Шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерімен таныстырады. Кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижесін қалыптастыруға шығындардың әсерін ашады. Шығындарды талдау негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдаудың практикалық дағдыларын қалыптастырады.

5

ОН4

ОН7

ОН8

 

КП

ТК

Ішкіфирмалық бюджеттендіру

Басқарудың қаржылық- экономикалық міндеттерін тиімді шешуді қамтамасыз ететін басқару технологиясы ретінде бюджеттеу туралы түсінік қалыптастырады. Динамикалық имитациялық модельдерді құруда бюджеттеу технологиясын қарастырады, студенттерді бюджеттеуде басқарушылық шешімдерді қабылдауға дайындайды. Қаржылық жоспарлау мен бюджеттеудің теориялық және әдістемелік негіздері туралы кешенді түсінік қалыптастырады, осы салада негізделген және тиімді қаржылық шешімдер қабылдау қабілетін дамытады.

ОН4

ОН7

ОН8

 

Жаңа кәсіби құзыреттіліктерді алу  модулі

БП

ТК

Minor бағдарламасы

Пәндері қосымша құзыреттерді қалыптастыратын қосымша білім беру бағдарламасы. Бітірушілерге жұмысқа орналасуға барынша мүмкіндік береді, білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, білім сапасын және игерудің тиімділігін арттырады. Пәнаралық және құзыреттілік шегінің кеңеюін қамтамасыз етеді; ерекше дүниетанымды қалыптастырады.

12

ОН2

ОН12

Қорытынды аттестация модулі

КП

ЖК

Диплом алды немесе өндірістік практика

Теориялық білімді нақты кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның қызметін зерттеу негізінде практикалық қызметте қолдану арқылы тереңдетеді және жүйелендіреді. Мамандық және болашақ жұмыс профилі бойынша терең тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Өз бетінше жұмыс істеу, аймақ, ел экономикасына зерттеулер жүргізу, практика базаларының қызметіне талдау жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

8

ОН2

ОН4

ОН7

ОН8

ОН12

 

 

Дипломдық  жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтиханға даярлану мен тапсыру

Теориялық және практикалық міндеттерді шешуге дайындығын көрсетеді. Басқарушылық шешімдерді өз бетінше қабылдаудың практикалық дағдыларын тереңдетеді, түсінік аппараты мен арнайы ақпаратты сауатты қолдана алады. Экономикалық қызметті талдаудың заманауи әдістерін қолдану және экономикалық есептерді сауатты орындау, ғылымның озық жетістіктерін қолдану, олардың экономикалық мақсаттылығын негіздеу, ғылыми дәлелдеу және өз көзқарасын қорғау іскерліктерін қалыптастырады.

12

ОН2

ОН4

ОН5

ОН7

ОН12


 

"Экономика" кафедрасы білім берудің үш деңгейі бойынша (бакалавриат – магистратура – докторантура) дайындайды.

Іске асырылатын білім беру бағдарламалары:

- Бакалавриат

6В04110 - Экономика

6В04170 - Бағалау

- Магистратура

7М04110 - Экономика (ғылыми-педагогикалық бағыт, 2 оқу жылы)

7М0411 2- Экономика (бейінді бағыт, 1 оқу жылы)

- Докторантура

8D04110 - Экономика

6В04110 – Экономика білім беру бағдарламасы

 

6В04110 "Экономика" білім беру бағдарламасының бірегейлігі түлектің кең ауқымды лауазымды ұстанымын және мемлекеттік билік органдарында және түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы ұйымдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде мансаптық өсуін іске асыруға мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларының интеграциясы;  инновациялық сипаттағы пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін, университеттің жоғары материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін пайдалану болып табылады. Бұл, өз кезегінде, экономиканың нақты секторы және қызметтер көрсету саласы кәсіпорындары мен ұйымдары үшін жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке «экономика бакалавры» дәрежесі тағайындалады.

6В04110 "Экономика" білім беру бағдарламасының бакалаврлары жұмыс өтіліне талап қоймастан экономика және статистика, қаржы және экономикалық бөлімдер, талдау бөлімшелері, кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар саласындағы экономистердің, талдаушылардың және басқа да қызметшілердің бастапқы лауазымдарын атқара алады.

6В04170 – Бағалау білім беру бағдарламасы

6В04170 "Бағалау" білім беру бағдарламасының бірегейлігі түлектің кең ауқымды лауазымды ұстанымын және мемлекеттік билік органдарында және түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы ұйымдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде мансаптық өсуін іске асыруға мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларының интеграциясы;  инновациялық сипаттағы пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін, университеттің жоғары материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін пайдалану болып табылады. Бұл, өз кезегінде, экономиканың нақты секторы және қызметтер көрсету саласы кәсіпорындары мен ұйымдары үшін жоғары білікті мамандарды дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке «Бизнес және басқару бакалавры» дәрежесі тағайындалады.

6В04170 "Бағалау" білім беру бағдарламасының бакалаврлары жұмыс өтіліне талап қоймастан бастапқы лауазымдарды, инвесторлармен байланыс жөніндегі мамандарды, талдаушыларды, жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі менеджерлерді, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, жерді, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды, қаржылық және қаржылық емес, материалдық емес активтерді бағалау жөніндегі консультанттарды иелене алады.

7М04110 – Экономика білім беру бағдарламасы

7М04110 - Экономика білім беру бағдарламасының ерекшелігінақты теориялық дайындықтан, ғылыми зерттеулердің ауқымды тәжірибесін зерттеуден, жоғары мамандандырылған оқытушылармен қарым-қатынас жасаудан тұрады. Осы білім беру бағдарламасы бітірушілердің көзқарастарын кеңейтеді, стандартты емес ойлауға және нақты шешімдерді қабылдауға қабілеттіліктерін ашады. 7М04101-Экономика білім беру бағдарламасы бойынша оқу процесінің негізінде академиялық ғылым мен жоғары мектепті тәжірибеге бағыттаплған ықпалын есепке ала отырып, интеграциялау принципі қарастырылады.

Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке 7М04110-Экономика білім беру бағдарламасы бойынша «экономика ғылымдарының магистрі» дәрежесі тағайындалады.

БББ 7М04110 - Экономика бойынша Магистр жұмыс өтіліне талап қоймастан, бас экономист; әртүрлі меншік нысанындағы және салалық тиесіліктегі кәсіпорындардың әртүрлі бөлімшелерінің басшысы; педагогтар мен ғылыми қызметкерлер (жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, конструкторлық және жобалау ұйымдарында) лауазымдарын атқара алады.

7M04112 - Экономика білім беру бағдарламасының  бірегейлігі Дублиндік дескрипторлар негізінде және  келесідей құзіреттіліктердің қалыптасуымен: экономика туралы білімді және түсінікті, шаруашылық субъектілерінің шаруашылық қызметінде білім мен түсіністікті қолдану, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың шаруашылық қызметін талдау, синтездеу, бағалауға негізделген оқыту нәтижелерімен анықталады.

Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке 7М04112 - Экономика білім беру бағдарламасының бизнес және басқару магистрі» дәрежесі тағайындалады.

БББ 7М04112-Экономика бойынша Магистр жұмыс өтіліне талап қоймастан, бас экономист; әртүрлі меншік нысандары мен салалық тиесілілік кәсіпорындарының әртүрлі бөлімшелерінің басшысы лауазымдарын атқара алады.

8D04110 – Экономика білім беру бағдарламасы

8D04110– Экономика білім беру бағдарламасының ерекшелігі:

  • республиканың дамуы үшін басым маңызы бар ғылым, өндіріс және әлеуметтік-экономикалық сала салаларындағы теориялық дайындықтың жоғары деңгейі
  • ғылыми зерттеулер, педагогикалық және сараптамалық қызмет саласындағы дағдыларды дамыту
  • теориялық және практикалық оқытудың оқу процесіндегі оңтайлы арақатынасы
  • өзінің кәсіби қызметінің нәтижелеріне жауапты қарым-қатынас жасауға бағытталған білім беру үдерісіне жеке-бағытталған көзқарас
  • білім беру процесін ғылыми-зерттеу жұмысының сапалы мінез-құлқына қажетті ақпараттық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, оның ішінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламалары бойынша неғұрлым ірі зерттеу жобалары, мемлекеттен, халықаралық ұйымдардан гранттар бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары шеңберінде PhD докторанттардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру есебінен өзін-өзі дамыту аспектісі

Осы білім бағдарламасы бойынша бітірген түлекке 8D04110 – Экономика «(PhD) Философия Докторы» дәрежесі тағайындалады.

8D04110 - Экономика мамандығы бойынша докторанттар мынадай басшылық лауазымдарды атқара алады: экономика саласындағы ғылыми зерттеулер жөніндегі жетекші; мемлекеттік және жергілікті билік органдарының басшылары; маркетинг, өндірістік-экономикалық мәселелер жөніндегі жетекші, сондай-ақ қаржыгер сарапшы.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.