ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2023 жылғы 24-25 ақпанда Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде ҚР бухгалтерлер Одағы мен бухгалтерлік ұйымдардың қолдауымен «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы ұйымдастырған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша IV Халықаралық қашықтықтан олимпиада өтті.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: 1-тестілеу, 2-ситуациялық кейс тапсырмаларды Online форматында шешу
2023 жылдың 24 ақпанындағы бірінші тур-30 сұрақты қамтитын тест тапсырмаларын орындау. Бұл тапсырманы орындауға бөлінген уақыт-30 минут.
25 ақпандағы Екінші тур - "Кейс тапсырмаларын шешу". Олимпиаданың екінші турына тестілеуден сәтті өткен қатысушылар жіберілді.
Олимпиада нәтижелері 01.03.2023 ж. жарияланды және сертификаттар 05.03.2023 ж. берілді.
М.Ауезов атындағы ОҚУ "Есеп және аудит" кафедрасының командасы келесі ЭФ 20 - 7р1 тобының студенттерінен құралған.
- Исах Мерей
- Қадырова Әйгерім
- Сапархан Диас
- Андрющенко Анастасия
- Осипова Дарья
Топ жетекшісі: аға оқытушы Р. Ж. Тулегенова
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы олимпиаданың нәтижелері келесідей болды:
Жеке біріншілікте бірінші орынды Кадирова Әйгерім мен Осипова Дарья иеленді
Екінші орынды Андрющенко Анастасия, Сапархан Диас, Исах Мерей иеленді.
17.01.-28.01.2022 жылы «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасының ұйымдастыруымен «Маманның кәсіби дағдылары: табыстылықтың кілті-2022» атты қысқы онлайн мектеп жұмысын жүргізді . Қысқы онлайн мектепте М.Ломоносов атындағы ММУ (Ресей), Жоғары - Силез экономикалық университеті (Польша), Украина мемлекеттік химия-технологиялық университеті (Украина), Қырғыз-Ресей Славян университеті (Қырғызстан), Ташкент Мемлекеттік экономикалық университетінің (Өзбекстан) ғалымдары, практик-бухгалтерлер баяндамаларын жасап, қатысушылардың ризашылығына бөленді. Сондай ақ Қазақстанның жетекші ЖОО Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумильев атындағы ЕҰУ, Тұран-Астана университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен ғалымдар мен магистранттар, студенттер қатысты.