Жаңалықтар
Басқару және бизнес жоғары мектебі
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі 1992 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау» кафедрасының негізінде құрылған.
Бүгінгі таңда М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің құрамында 7 кафедра жұмыс істейді: «Экономика», «Менеджмент және маркетинг», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономикалық теория», «Бизнес және коммерцияландыру», «Халықаралық туризм және сервис».
Жоғары оқу орындарында экономикалық жоғары білімі бар мамандарды дайындау бұл қазіргі заман талабы. Осы мақсатта жоғары мектепте нарық жағдайында сұранысқа ие келесі:
6В04110 - «Экономика»;
6В04120 - «Менеджент»;
6В04130 - «Есеп және аудит»;
6В04140 - «Қаржы»
6В04150- «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;
6В04160 - «Маркетинг»;
6B04170 – «Бағалау»
6В11110 - «Туризм»;
6B11111- «Ресторанное дело и гостиничный бизнес» мамандықтары бойынша студенттерді жан-жақты дайындау жүзеге асырылуда.
Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық қызметпен ғылым докторлары, ғылым кандидаттары және магистр оқытушылар айналысады. Олардың арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегерлері, АҚШ, Еуропа елдерінің ЖОО-да ғылыми тағылымдамадан өткен профессор-оқытушылар бар. 2004 жылдан бастап:
7М04110 - «Экономика»,
7М04120 - «Менеджмент»,
7М04130 - «Есеп және аудит
7М04140 - «Қаржы»,
7M04152 Мемлекеттік және жергілікті баскару
7М04160 - «Маркетинг» мамандықтары бойынша магистратура ашылып жұмыс жасауда.
Сонымен қатар жоғары мектепте 2014 жылдан бастап 7M04170 – «MBA - Іскер әкімшілік» магистрі бойынша магистратура ашылды.
Сондай-ақ, 2010 жылы жоғары мектепте 8D04110 - «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторантура ашылды.
Оқу процессінде оқытудың заманауи технологиялары: кредиттік жүйе, кейс-технология, оқытудың интерактивтік және инновациялық әдістері енгізілген.
Жоғары мектепте профессор-оқытушыларының құрамымен жыл сайын 150-ден аса оқулық, оқу құралдары, электрондық оқулық, әдістемелік нұсқаулар шығарылуда, оның 75%-ы мемлекеттік тілде.
Жоғары мектеп студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып шет елдердің жоғарғы оқу орындарында бір семестр оқып келуге мүмкіндіктері бар.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі халықаралық стандартқа сай білім бере отырып, жастардың жан-жақты кәсіби тұлға етіп қалыптасуына зор жағдай жасайды. Талапты жастарға сапалы білім беріп, айқын бағыт-бағдар беру біздің басты міндетіміз!
Жоғары мектептің негізгі міндеті – білікті мамандарды даярлау
- өндірісті ұйымдастыруда және басқаруда
- мемлекеттік және жергілікті басқаруда
- кәсіпкерлік іс-әрекетте, жарнамада, тауар және қызмет қозғалысында, нарықты зерттеуде
- салық салу сферасында
- кәсіпорынның қаржылық және қаржы-шаруашылық қызметін бақылау және басқару саласында
- Кәсіпорындардың барлық жекеменшік нысандарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуде
ОқУ ҮРДІСІНДЕ СТУДЕНТТЕР ТӨМЕНДЕГІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ТЕРЕҢ БІЛІМ АЛАДЫ:
- Стратегиялық менеджмент және маркетинг
- Қаржылық енеджмент
- Инновациялық менеджмент
- Экологиялық менеджмент
- Маркетинг
- Банк ісі
- Ақша, несие, банк
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Инвестицияларды басқару
- Антикризистік басқару
- Салық және салық салу
- Логистика
- Бизнесті бағалау
- Жобаларды талдау
- Еңбек нарығының экономикасы
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ТЕРЕҢ МЕҢГЕРУГЕ ҮЛКЕН КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ
Декан – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қ. Сейдахметов
Күндізгі бөлім бойынша оқу мерзімі – 4 жыл
Сырттай бөлім бойынша оқу мерзімі:
кешкі жоғары білім алу – 5 жыл
Екінші жоғары білім алу – 2 жыл
Колледжден кенйін мамандық бағыттары бойынша– 3 жыл
Оқу нысандары мемлекеттік тапсырыс және келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады
Оқуға қабылдау ҰБТ және кешенді тестілеу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.