Жаңалықтар
2017 жылдың 28 сәуірі күні «Есеп және аудит» кафедрасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыпта семинар ұйымдастырды. Белгілі болғандай осы жылдан бастап Қазақстан елдің жаһанды бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу үшін үшінші жаңғыртуға көшті. Оның басты мақсаты – ел Жоспарын орындау негізінде әлемнің алда келе жатқан 30 мемлекеттердің қатарына кіру. Осының барысында біздің еліміз Бірінші жаңғыртуды жүзеге асырды, яғни жаңа мемлекетті қалады. Одан кейін, 2030 Стратегиясын қабылдап және Астананы көтеріп 50 дамыған елдердің қатарына кірді. Бұл Екінші жаңғырудың нәтижесі.Бүгін Үшінші жаңғыртуды жүзеге асыруында Үш жаңғырту үдерісі іске асады: саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру және рухани жаңғыру. Аталған үдерістердің ішінде басымдысы рухани сфера болып табылады. Саяси, экономикалық жаңғыртудың табысты жүзеге асуы ен алдымен қоғамның рухани деңгейіне байланысты. Сондықтан, бүгінгі таңда, рухани жаңғыру ең өзекті мәселе.