Жаңалықтар
5 қазан 2016 жылы сағат 14.00-де бас ғимараттағы акт залда факультет белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен «Экономика және қаржы» факультетінің 1-курс студенттеріне арналған «Студенттік арнау - 2016» атты концерттік бағдарлама болып өтті. Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына орай «Қазақ хандығымы мен Қазіргі Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбы аясында өтті. Іс-шара барысында 1-курс студенттері «Экономика және қаржы» факультетінің студенттері қатарына кіре отырып Университеттің Корпоративтік этика кодексі - ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, оқуда озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді болуға ант берді. Одан кейін студенттер өздері дайындаған би, ән айту, күй тарту, КТК (КВН), пианинода ойнау сияқты өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты.