Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының міндеттері аясында магистранттардың, PhD докторанттарының зерттеу тематикасын өзектендіру
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 249
2018 жылдың 13 қыркүйегінде «Экономика» кафедрасында кафедраның профессор-оқытушылық құрамының, докторанттарының, магистранттарының қатысуымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының міндеттері аясында магистранттардың, PhD докторанттарының зерттеу тематикасын өзектендіру» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинардың міндеттері:
- 6М050600 – Экономика, 6D050600 – Экономика мамандықтарының магистранттары мен PhD докторанттарын диссертациялардың кеңейтілген тематикасымен таныстыру.
- Диссертациялардың тақырыптарын негіздеу, зерттеу әдістерін таңдау мәселелерін талқылау.
Семинарда келесі сұрақтар қаралды:
1. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және экономикалық ғылымдар аясындағы жаңа міндеттер.
2. Магистрлік және докторлық диссертацияларға қойылатын талаптар, ғылыми зерттеулерді өзектендіру.
Семинарды э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының доценті Колотаева Л.П. жүргізді Л.П.Колотаеваның сөзі «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының міндеттері аясында экономикалық зерттеулердің бағыттарына арналды. Ол қоғамның рухани жаңғыруының материалдық базасы ҚР-ның «Нұрлы жол» 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру екендігін айтып өтті. Көлік, индустриалдық, энергетикалық инфрақұрылымдарды жаңғырту кәсіпкерлік қызметті қарқынды дамытуға, кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға, отандық өнімнің экспорт көлемін кеңейтуге негіз құрайды. «Нұрлы жол» бағдарламасында АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға, отандық машинақұрылысын қолдауға үлкен мән беріледі. Жаңғырту (қайта құру және құрылыс) бағдарламаларын, тұрғын-үй шаруашылығы, жылу-сумен жабдықтау жүйелері инфрақұрылымдарын, білім беру сферасының инфрақұрылымын ғылыми сүйемелдеу қажет.
Кафедрада балабақшалар, туристік объектілер, колледждер, медициналық ұйымдар құрылысына, қызмет көрсету мен көңіл көтеру сферасының даму тиімділігін жоғарылатуға инвестициялар тарту үшін мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті қолданудың ұйымдық-экономикалық механизмін әзірлеу бойынша магистрлік диссертациялар орындалған болатын.
Колотаева Л.П.: «Экономика» бағыты бойынша магистрлік және докторлық диссертациялардың ғылыми зерттеу тақырыптарын кеңейтіп, ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіру қажет екендігін атап өтті.
Ғылыми семинардың қорытындысында келесі ұсыныстар қабылданды:
- «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының экономикалық міндеттерін іске асыруда ғылыми зерттеулердің жетекші рөлін қамтамасыз ету.
- Магистрлік және докторлық диссертациялардың ғылыми жетекшілері зерттеу бағыттарын АӨК, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында аймақтық мамандануды ескере отырып өзектендіруді көздесін.