Жаңалықтар
2018 жылдың 9 ақпан күні бас ғимараттағы 312 аудиторияда «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің студенттеріне Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылғы халыққа арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттауға және түсіндіруге арналған кездесу өтті. Кездесуге «Басқару және бизнес» ЖМ деканы Сейдахметов М.Қ., аға тәлімгер Пазилов Ғ.А. және жоғары мектеп студенттері қатысты. Кездесу барысында Сейдахметов М.Қ. студенттерге Елбасының биылғы жылғы Жолдауының мәні мен мағынасын, Жолдауда айтылған міндеттерді кеңінен түсіндірді.