Жаңалықтар
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған «Ұлттық бірегейлікті сақтау және білімнің салтанат құруы» тақырыбында семинар
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 255
2017 жылдың 30 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасының ұйымдастыруыменен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған «Ұлттық бірегейлікті сақтау және білімнің салтанат құруы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға тәрбие және жастар саясаты бөлімінің мамандары, «Есеп және аудит» кафедрасының ОПҚ, белсенді студенттер қатысты. Үш тілді оқыту жүйесіне көшуімізге байланысты, мақаланы талқылау үш тілде өткізілді. Аталған іс-шара ҚР мемлекеттік әнұранын шырқаумен басталды. Мамандықтың 2-курс студенттері қазақ, орыс және ағылшын тілінде Елбасымыздың мақаласын талқылау бойынша және ҚР ұлттық бірегейлікті сақтау мен білім саласындағы жетістіктер туралы қызықты баяндама дайындап, презентация ұсынды, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар студенттер елімізге арналған өз туындыларын оқып, жиналған қауымды біраз толқытты. Жалпы іс-шара барысында студенттер мен ПОҚ арасында тығыз қарым - қатынас орнады, тәрбие бөлімінің мамандары тарапынан студенттерге сұрақтар қойылып, көңілді толтырар жауаптар алынды.