Жаңалықтар
"Халықаралық туризм және сервис" кафедрасының ұйымдастырумен "Қазақстанның тәуелсіз жылдарындағы туризмнің дамуы" тақырыбында 17 қараша күні № 4 жатақханада іс-шара өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімдігі, кәсіпкерлік бөлімі туризм саласын дамыту секторының бас маманы Кулимова Ғазиза Ұсенқызы және Университеттің тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің жоғары білікті маманы Төлеген Жандәулет Айтуарұлы қатысты. ЭФ-17- 8к2 және ЭФ-15-8р тобының студенттері Бурлібаева Асель және Асанова Асель "Қазақстанның туристік ресурстары тақырыбында баяндама оқып, презентацияларын көпшіліке ұсынды, Студенттер белсене қатысып, толғандырған сұрақтар қойып, кездесу жоғары деңгейде өтті.