Жаңалықтар
«Сен де – бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан!»
- Жансая Тулешова +77715660257
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 4
«Басқару және бизнес» жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы 24 сәуір 2025ж. Ғылым күніне арналған «Сен де – бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан!» атты дөңгелек үстел өткізді.
Абай Құнанбаев (1845–1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы және философы. Ол өз шығармаларында білім мен ғылымның маңыздылығын терең түсініп, халықты оқу-білімге шақырған. Абайдың ғылымға деген көзқарастары оның өлеңдері мен қара сөздерінде айқын көрініс тапқан.Абай ғылымды адамзаттың дамуы мен кемелденуінің негізгі құралы деп санаған. Ол ғылым арқылы адам өз болмысын танып, қоғамға пайда келтіре алатынын айтқан.
Абайдың көзқарасы бойынша, шын ғылым –адамды адам ететін құрал. Оның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі жастарға бағытталған үндеу іспетті. Абай жастарға білімді тек оқу орнында алу аздық етеді, оны жүрекпен, шын ықыласпен қабылдау керек деген бағытта ой қозғайды.
Шақырылған қонақтар және кафедра ұжымы мен білім алушыларАбай Құнанбаевтың қара сөздерінен үзінді өлеңдер оқып, «Көзімнің қарасы» өлеңімен аяқтады.