Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «ҮЗДІК СТУДЕНТ» іс-шарасы
- Жансая Тулешова +77715660257
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 23
2024 жылдың желтоқсан айының 6-шы жұлдызында «Басқару және бизнес» ЖМ-нің «Экономикалық теория» кафедрасы «Қазақстанның жарқын болашағы – білімді жастардың қолында» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ҮЗДІК СТУДЕНТ» іс-шара ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның қадірменді қонақтары Шымкент қаласының Әл-фараби ауданы әкімінің орынбасары – Тажибаев М.А., Шымкент қаласының RBK Банк АҚ филиалының басқарма басшысы – Ешімбетов Т.Ш., Жұмабек Тәшенев атындағы университетінің проректоры, Ұлттық Заң академиясының корреспондент мүшесі – Битұрсын Ғ.Ш., М.Ауезов атындағы ОҚУ-нің Академиялық мәселелер бойынша проректоры м.у.а. – Сарыкулов Қ.Р., М.Ауезов атындағы ОҚУ-нің Тәрбие жұмыстары және Жастар Саясаты департаментінің директоры – Зулпанов Ш.М. және ЖМ пен факультет декандары тақырып аясында өз пікірлері мен ойларын білдірді.
«Экономикалық теория» кафедрасының меңгерушісі Мергенбаева Азиза Тоймахамбетовнаның «Қазақстанның жарқын болашағы – білімді жастардың қолында» атты баяндамасы тыңдалып, университетіміздің жоғары мектептер мен факультеттердің мамандықтарынан «Экономикалық теория» кафедрасының экономикалық пәндерін оқудағы жоғары жетістіктері үшін «ҮЗДІК СТУДЕНТ» жобасы аясында студенттерге Мадақтама мен сыйлықтар берілді.