Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «ҮЗДІК СТУДЕНТ» іс-шарасы

2024 жылдың желтоқсан айының 6-шы жұлдызында «Басқару және бизнес» ЖМ-нің «Экономикалық теория» кафедрасы «Қазақстанның жарқын болашағы – білімді жастардың қолында» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ҮЗДІК  СТУДЕНТ» іс-шара ұйымдастырып өткізді.

Іс-шараның қадірменді қонақтары Шымкент қаласының Әл-фараби ауданы әкімінің орынбасары – Тажибаев М.А., Шымкент қаласының RBK Банк АҚ филиалының басқарма басшысы – Ешімбетов Т.Ш., Жұмабек Тәшенев атындағы университетінің проректоры, Ұлттық Заң академиясының корреспондент мүшесі – Битұрсын Ғ.Ш., М.Ауезов атындағы ОҚУ-нің Академиялық мәселелер бойынша проректоры м.у.а. – Сарыкулов Қ.Р., М.Ауезов атындағы ОҚУ-нің Тәрбие жұмыстары және Жастар Саясаты департаментінің директоры – Зулпанов Ш.М. және ЖМ пен факультет декандары тақырып аясында өз пікірлері мен ойларын білдірді.

«Экономикалық теория» кафедрасының меңгерушісі Мергенбаева Азиза Тоймахамбетовнаның «Қазақстанның жарқын болашағы – білімді жастардың қолында» атты баяндамасы тыңдалып, университетіміздің жоғары мектептер мен факультеттердің мамандықтарынан «Экономикалық теория» кафедрасының экономикалық пәндерін оқудағы жоғары жетістіктері үшін «ҮЗДІК СТУДЕНТ» жобасы аясында студенттерге Мадақтама мен сыйлықтар берілді.

Күнтізбе

Мамыр 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.