Жаңалықтар
01.02.2017 ж. университеттің бас ғимаратындағы акт залда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын студенттерге насихаттау бойынша кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Экономика және қаржы» факультетінің студенттері де қатысты.
Кездесу барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі Маймақов Ғ.Қ., «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы Искаков Қ.Қ., «Экономика және қаржы» факультетінің аға тәлімгері Пазилов Ғ.А., «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің аға тәлімгері Ибраев Ж.Ғ. жолдауда айтылған бес басымдықты студенттерге кеңінен түсіндірді.