Басып шығару

2021 жылдың 5-ші қаңтарында "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы жарияланды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетінің 2021 жылдың 5-ші қаңтарында "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы жарияланды. Мақала мазмұнында Қазақстанның өткені мен бүгіні толық сараланып, болашаққа бағдарды айқындап берген. Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихын шартты түрде үш он жылдыққа бөліп, алғашкқы он жылдық - жаңа Қазақстанның iргетасының қалану кезеңі, екінші он жылдық қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі болса, үшінші он жылдықта мерейлі мемлекетке айналдық. Президент шекара мәселесін біржола шешіп, "Қазақстан- 2050" стратегиясын қабылдап, озық дамыған 30 елдің қатарына косылуды межеледік деп тарих толқынын бағалай келе, алдағы төртінші он жылдықта атқарылатын жұмыстарды нақтылады. Мақаладағы негізгі мәселелер бағдар мен белес, таным мен тағылым, қоғам мен құндылық, ұлағат пен ұстаным атты тарауларының идеясь мен мазмұнын, қастерлі Тәуелсіздік ұғымын бүкіл Қазақстандықтардың санасына сіңіру болып табылады.


powered by social2s