Басып шығару

9-желтоқсан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні

 

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі.

Сыбайлас жемқорлық барлық қоғамға кері әсерін тигізеді. Әрқайсымыз тікелей болмаса да жанама түрде сыбайлас жемқорлықтың құрбанына айналамыз. Ол бизнеске кедергі бола отырып, жалпы ел байлығының азаюына әкеледі, нәтижесінде жалпы ел байлығы азайып, ал бұл, өз кезегінде, әлеуметтік қызметтердің қаржыландыруын азайтады (мектеп, аурухана, жолдар, коммуникациялар, көріктендіру, полиция және т. б.) және мемлекеттік қызметтің сапасын төмендетеді.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат бұл мәселеде алаңдаушылықты сезінуі тиіс, ешкім бұл зұлымдықпен күресте бейтарап қалмауы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам мен мемлекет бірігуі тиіс. Сонда ғана сыбайлас жемқорлықтың көріністері азаяды.

Біз Басқару және Бизнес Жоғары Мектебінің белсенді студенттері Сыбайлас жемқорлыққа толықтай қарсымыз!
Парасыз болашаққа бірге қадам басайық!!!


powered by social2s