Басып шығару

«Тәуелсіздігімізге 25 жыл»

    21.04.2016ж. «Экономика және қаржы» факультетінің «Есеп және аудит» кафедрасының ұйымдастыруымен № 4 жатақханада «Тәуелсіздігімізге 25 жыл»  атты  мерекелік  іс-шара өткізілді.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған университетіміздің № 4 жатақханасында өткен іс-шараны «Экономика және қаржы» факультетінің аға тәлімгері Пазылов Ғ. ашты.
Кейінгі сөзді «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Жақыпбеков Д.С. алды. Тәуелсіздіктің қадірі мен 25 жыл арадағы жеткен жетістіктерімізге  тоқталды.
ОҚО жастар саясаты департаментінің «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің маманы – Оразбаев М.Р. қызықты баяндамасын оқып, студенттерге тағылым айтты.
Іс-шара  қызықты концерттік бағдарламамен жалғасты.
Соңында қызықты викторина сұрақтары қойылып, оларға толық жауаптар алынды.

 


powered by social2s