Басып шығару

Басқару және Бизнес жоғары мектебінің студенттері мен «Kaspi Bank» мамандары арасында кездесу болып өтті.

5.02.2020ж. күні Бас ғимарат Мәжіліс залында Басқару және Бизнес жоғары мектебінің студенттері мен «Kaspi Bank» мамандары арасында кездесу болып өтті. Банк мамандары жоғары мектеп студенттеріне банк өнімдері мен қызметтерін таныстыра отырып, студент жастарды практикадан және тағылымдамадан өтуге, әрі қарай  жұмыспен қамту бойынша өз бөлімшелеріне шақырды. Алдағы уақытта жоғары мектеп студенттерімен банк мамандары арасында тығыз жұмыстар жасалынып, кездесулер өткізіп тұру жоспарлануда.


powered by social2s