Басып шығару

15 қараша еліміз үшін айтулы оқиға - Ұлттық валютаның туған күні!

15 қараша еліміз үшін айтулы оқиға - Ұлттық валютаның туған күні!

1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. 1993 жылғы 15 қарашада теңге айналымға жіберілді. Содан бері бұл күн ұлттық валютаның ресми туған күні болып саналады. Бүгінде теңге – бұл тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің нышаны, қазіргі заманғы тарихтың толыққанды бөлігі және Қазақстанның болашағы. 15 қараша елімізде Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қызметкерлері үшін де кәсіби мереке болып саналады.

Осыған орай, 2019 жылдың 14 қарашасында Қаржы кафедрасының оқытушылары мен студенттері Әуезов ат. ОҚМУ-дың №4 жатақханасында осы мерекені атап өту шаралары ұйымдастырылды. Оқытушылар Қазақстан Республикасының валюталық жүйесі туралы презентация жасады, соңында студенттер арасында ұлттық валюта туралы викторина ұйымдастырылды. Мереке Менеджмент және Бизнес Жоғары Мектебінің белсенді студенттері ұйымдастырған концертпен аяқталды.

 


powered by social2s