Басып шығару

11 қыркүйек күні Университет ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы және «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрамжон Хажимжанұлы «Басқару және Бизнес» жоғары мектебіндегі Өзбекстандық студенттермен кездесті

2019жыл 11 қыркүйек күні Университет ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы және Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрамжон Хажимжанұлы  «Басқару және Бизнес» жоғары мектебіндегі Өзбекстандық студенттермен кездесті. Университетіміздегі шетел студенттері арасында Өзбекстандық студенттердің саны басымырақ, биылғы жылдың өзінде-ақ 3000-нан астам жастар оқуға түссе, оның 500ден астамы біздің жоғары мектебімізге оқуға қабылданды.Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың белгісі және де екі ел арасындағы алтын көпір.Университетімізде шетел студенттеріне білім алуға барлық жағдайлар жасалған, қазіргі таңда университетіміздің құрылымдық бөлімдерін студенттерге таныстыру шаралар жалғасуда. Шетел студенттерінің көптеп келуіне байланысты шетел студенттерімен жұмыс жүргізу жөніндегі департамен құрылып, департаментпен тығыз байланыста  жұмыс жүргізіліп жатыр.


powered by social2s