Басып шығару

"БІЛІМ" күні

2019 жыл 1-қыркүйек күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студент жастары мен профессор-оқытушылар құрамы Денсаулық спорт кешенінде «Білім күнін» атап өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Е.Қ.Айтаханов келіп, студент жастарды «Білім күнімен» және еліміздегі алдыңғы қатарлы ЖОО-ның студенті атануларымен құттықтады. Университет ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы жаңа оқу жылымен құттықтап, 1- курс студенттеріне Білім кілті мен студенттік билет тапсырып, сәттілік тіледі. Мерекелік іс-шараға Басқару және Бизнес жоғары мектебіне 2019-2020 оқу жылына 1 курсқа қабылданған студенттер мен опқ қатысты.


powered by social2s