Басып шығару

«Экономика және қаржы »факультетінің ұйымдастырған Ашық есік күні

2015-2016 оқу жылына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес «Экономика» кафедрасс Шымкент қаласына қарасты З.Космедемьянская атындағы №23мектепте 19.02.2016ж саат 13-00-де Оқушылармен кездесу өткізілді.Іс-шараға «Экономика және қаржы» факультетінің деканы Сейдахметов М.Қ., «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Тулеметова А.С., Үгіт –насихат жұмыстарын ұйымдастыру  бөлімінің жетекшісі Көлбаева Г.Б. және университетке қарасты барлық факультеттермен жоғарғы мектептің угіт-насихат жұмыстарына  жауаптылар қатысты. Сонымен қатар ......өнерпаздары өз өнерлерін паш етті. Мектеп директоры Тойлыбаева Ж.Ж жоғарыдағы аталған іс-шараны ашып берді. Екінші сөз кезегі факультет деканы Сейдахметов М.Қ. берілді. Университетке қарасты мамандықтарға жеке-жеке тоқталып, акедемиялық ұтқырлық, қанша грант бөлінетіндігіне жете тоқталды.

Сондай-ақ Университеттен академиялық ұтқырлықпен Латвия мемлекетіндегі «Туриба» университетіне барып келген  ЭФ-13-1а тобының студенті Утеулиева Зарина сөз алып сөйледі. Университетте осындай мүмкіндіктер бар екеніне кеңінен тоқталды.Интерактивті тақтада слайдпен өзінің баяндамасын ұштастырды. Іс-шара соңында мектеп түлектерінің сұрақтарына жауап берілді.


powered by social2s