Басып шығару

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту - демократиялық құндылықтардың көрінісі

    «Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту - демократиялық құндылықтардың көрінісі» атты тақырыпта «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселесі» үндеуін талқылау және насихаттау болып табылады. Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру мәселелері, мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделін жетілдіру жолдары және т.б. сұрақтар қарастырылды және баяндама оқылды. Кездесуге ОҚО мемлекеттік органдарының басшылары мен мамандары (КР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, ОҚО әкім аппараты мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы, Шымкент қ. Абай ауданы әкімнің аппараты, ОҚО ішкі саясат басқармасы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәрбие жұмыстары және жастар саясаты департаменті, ПОҚ мен 5В051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері қатысты.


powered by social2s