2025 жылдың 21-сәуірінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Валайлак университетінің (Тайланд) өкілдерімен кездесу өтті.
Делегацияны Валайлак университетінің вице-президенті, қауымдастырылған профессор, PhD Чарун Буньякан бастап келді.
Кездесу барысында серіктестіктің негізгі бағыттары талқыланды — академиялық ұтқырлық, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ қос дипломды білім беру мүмкіндіктері.
Екі жоғары оқу орны арасындағы тұрақты байланыстарды дамытуға, мәдени алмасуға және студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ерекше назар аударылды. Университеттер арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум болашақтағы табысты және ұзақ мерзімді әріптестіктің негізі болады деп сенеміз!
Валайлак университетінің әріптестеріне мазмұнды идеялары мен ынтымақтастыққа ашықтығы үшін алғыс білдіреміз!