Басып шығару

Елбасы Жолдауын жастарға түсіндіру мақсатында кездесу

       06.02.2017 ж. «Экономика және қаржы» факультетінің деканы Сейдахметов М.Қ., декан орынбасары Изтаев Ж.Д., факультет аға тәлімгері Пазилов Ғ.А., «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің маманы Сәрсенбеков Ж.Ә. қатысуымен Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын студент жастарға түсіндіру мақсатында №4 жатақханада кездесу өтті. Алдымен факультет деканы Сейдахметов М.Қ. сөз алып, студенттерге Жолдаудағы бес негізгі басымдықты кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, Сейдахметов М.Қ. Елбасы Н.Назарбаев жолдауда «IT-технологияларды дамытуға, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  экономикалық өсімді жоғарылатуға баса көңіл бөлу керек» деп атап өткенін айта келе, бүгінгі таңда әрбір жас ІТ-білімді, қаржылық сауатты, сонымен қатар ұлтжанды болу қажеттігін студенттерге ескертті. 

 


powered by social2s